• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2019

Жер бетінде бұлттар жоғалып кетуі мүмкін. Бұл неге апарады?

1383 рет
көрсетілді

Алдағы 100 жылда жер күннің ыстығынан қорғап тұрған қабаттық будақ бұлтсыз қалуы мүмкін. Егер болжам расталса, климаттық катастрофа орын алады. Мәселенің мән-жайын BBC News ақпараттық агенттігі жазды.

Дүйсенбі күні «Nature Geoscience» журналында осындай зерттеу жарық көрген. Калифорния технология институтының ғалымдары көмірқышқыл газы концентрациясының атмосфераға таралуы мұхиттарды күн көзінен қорғайтын бұлт қабатының жойылуына апарады деп дабыл қағуда.

СО2 концентрациясы белгілі бір межеге жеткен кезде бұлттар ыдырай бастайды. Бұл мұхиттардың күрт жылынуына әкеледі.

Математикалық есептеулерге сәйкес жер шарындағы орташа температура 8 градусқа дейін өседі деп болжам жасалды. Ал бұл тек күшті табиғи катаклизмдермен ғана емес, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктерді жаппай жойып жіберумен де қауіп төндіреді.

Бұдан 55 млн жыл бұрын жер шарында осындай период болған болатын. Ол уақытта жер планетасының жылығаны сонша арктика суларында қолтырауындар жүзіп жүрді.

Массачусетс технология институтының профессоры Керри Эмануэль калифорниялықтардың зерттеуіне қатысты пікір білдірді. Ол сипатталған жағдаятты шындық деп растады.

Арктикадағы қолтырауындар

Көмірқышқыл газының өсу графигіне қарасақ, айтарлықтай қауіптің бар екенін көреміз. 1955 жылдан бері оның көлемі 3 есеге дейін өсті. Егер осылай жалғаса берсе, болжам алдағы 100 жылда орындалады.

Мұндай өсімнің неге апаратынын айту оңай. Себебі, адамзат бұған дейін мұндай кезеңді басынан өткерген. Ол кездегі СО2 концентрациясының өсу себебіне қатысты ғалымдар әр түрлі дәйектер айтып келеді. Бірақ, әлі нақты анықталған жоқ.

Бұған дейін болған ғаламдық жылынуда жануарлар мен маймылдар, аттар мен төрт-түлік адам төзгісіз аптап ыстықтан қашып қана емес, нәр болатын қорек іздеп те солтүстікке қарай ағыла бастаған. Себебі, күннің күрт ысуы жер бетіндегі өсімдіктерді де жойған еді. Антарктида мұзы толығымен еріді. Мұхит деңгейі күрт көтеріліп, жақын аймақтарды су басып қалған болатын. Көп дене тұрқы үлкен сүтқоректілер өліп, тірі қалғандарының көлемі кішірейе бастаған.

Дабыл қағуға ерте ме?

Ғалымдар Париж келісім шартының талаптарын сақтаған жағдайда атмосферада СО2 қалыпты болуы мүмкін дейді. Сондай-ақ жаһандық температураның көтерілуін 1-2 грудуста сақтап отыру керектігін айтты.

Ғылыми мақаланың авторлары адамзат көмірқышқыл газының атмосфераға бөлінуін азайтатын әдіс табатынына сенеді.

«Технологиялық прогресс осындай оқиғалардың дамуын болдырмайды деп үміттенемін. Алайда, бұл сценарий мүмкін болатын шеңберден тыс тұр деп айтуға болмайды», - дейді ғылыми жұмыстың авторы Тапио Шнайдер. 

Салтанат ШЫНӘДІЛ