• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2019

Жаңа төлем технологияларының мүмкіндіктері талқыланды

477 рет
көрсетілді

Заманауи кеңістікте мобильдік төлемдер ең қызу талқыланған тақырыптардың біріне айналып отыр. Сауалнамалар нәтижесі көрсеткеніндей, оны әлеуметтік желілердегі пікірталастардың 30 пайызға жуығы растайды. Биылғы жылы цифрлік әмияндар туралы ақпарат екі есеге өскен.

PRIME Research компаниясымен ынтымақтастықта Mastercard өткізген зерттеулер өткен  жылы Twitter, Facebook, Instagram және Weibo сынды басқа да әлеуметтік желілердегі 3,3 миллионнан астам постқа талдау жасау негізінде көрсетілген. Цифрлік әрі мобильдік үлгіде құрылған Mastercard жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз төлем түрі деп бағалайды сала мамандары.

Әлеуметтік желілерде осы тақырып аясындағы пікірталастар өткен жылдардағы зерттеулермен салыстырғанда 30%-ға өскен. Бүгінгі күні мобильдік коммерцияға қатысты бүкіл пікірталастардың 20%-ы мобильдік әмияндар аясында шоғырланған. Сондай-ақ, осы негізгі тақырыптарға қоса, қолданушыларды жасанды интеллект, QR-төлемдер және кимелі құрылғылар арқылы төлем жасау толғандырады екен.

Мобильдік төлемдердің кең таралуы әсіресе Азия және Африка нарықтарында байқалған. Үндістан ең белсенді нарыққа айналып, онда мобильдік әмияндарды қоғамдық көлікте қолдану және QR-код негізіндегі төлемдерді пайдалану мүмкіндігі жоғары. Ал АҚШ бұл жүйеде екінші орынды (10%) иеленді.

MasterCard – жаһандық төлем индустриясында қызмет жасайтын технологиялық компания. MasterCard-тың екі жүзден астам мемлекетте тұтынушылары бар. Компания мамандарының айтуынша, MasterCard өнімдерімен тауар сатып алу, саяхаттау, бизнес жүргізу және қаржыны басқару секілді күнделікті міндеттерді оңай, қауіпсіз әрі барынша тиімді.

Эльвира Серікқызы,

«Еqemen Qazaqstan»          

АЛМАТЫ