• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Ақпан, 2019

Бердібек Сапарбаев: 830 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады

751 рет
көрсетілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін Үкімет отырысында айтты.

«1 шілдеге дейін ең төменгі күнкөріс деңгейі 14 849 теңге болады. Ал 1 шілдеден бастап ол 20 789 теңгеге көтеріледі. Яғни, егер аталған көмекті осы уақытқа дейін 571 мың адам алып келсе, енді ол 260 мыңға көбейіп, 830 мың қазақстандықтың атаулы әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады. «Егер 4 балалы жалғыз басты отбасы 1 шілдеге дейін табысы жоқ болғаннан соң 63 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алатын болса, енді 1 шілдеден бастап ол 40 мың теңгеге көбейеді. Яғни 103 945 теңгеге жетеді. Ал қосымша төлемдерді есептегенде ол жанұяның жалпы табысы айына 114 448 теңге болады», деді ол.

Министр атаулы әлеуметтік көмекті дайындау үшін отбасылардың жиынтық табысында да өзгеріс болатынын айтты. «Бірінші шілдеден бастап бұрынғы есептелініп келген көпбалалы отбасыларға, алтын алқа, күміс алқа иегерлері аналарға, мүгедек балалар бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар және стипендиялар 1 шілдеден есептелінбейді», деді Б.Сапарбаев.