Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевты жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада Мемлекет басшысының Өкімімен:
«Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды» делінген.