«Астана жастары» ресурстық орталығының мұрындық болуымен өткен шара Алғыс айту күніне орайластырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астана жастары» ресурстық орталығы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Бақытты күн» қайырымдылық акциясын өткізді.
«Іс-шара аясында балалар «Evrikum» ғажайыптар саябағына саяхат жасады. Бұдан кейін олар үшін қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды. Акцияға 30-ға жуық бала қатысты», – деп мәлімдеді орталықта.
Науқан астаналық меценаттардың қолдауымен өтті.