• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2019

Солтүстік Қазақстан фермерлері субсидияға қол жеткізе алмай жүр

414 рет
көрсетілді

Бір саннан кеткен қателік салдарынан 84 фермер  132 миллион теңге жеңілдікті қаражаттан қағылып отыр.

Виктор Мамаев төрт түлік өсірумен көптен бері айналысады. Былтыр мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы 4 миллион теңге субсидия алмақ мақсатына әлі күнге дейін қол жеткізе алмай жүр. Бірыңғай цифрлық бағдарламаның «қателігінен» осындай келеңсіз жағдайға тап болған. Тиісті органдарға жүгінгенімен, доп сияқты қақпақылдап, бір-біріне жұмсаған. Амалы таусылғаннан кейін жергілікті кәсіпкерлер палатасына арыздануға мәжбүр болған. Өйткені, зауыттан 8 миллион теңгеге минералдық тыңайтқыш сатып алғандықтан, жұмсалған қаражаттың 50 процентін мемлекет субсидия түрінде қайтару керек. Алайда, ол қаражатты қашан алары белгісіз.

   Субсидия алатын шаруалардың тізімі цифрлық бағдарлама арқылы анықталған. Кәсіпкерлер палатасының отырысында белгілі болғандай  бағдарламаны Астана қаласындағы «Ақпараттық есептік орталық» АҚ-ы әзірлеген. Жобада  шикілік тұстар көп көрінеді. Бір  цифрды дұрыс жазбау салдарынан В. Мамаевты  әділет органдарындағы бірыңғай базаға жеке тұлға емес, заңды тұлға санатына қосып қойыпты. Қаржы министрлігі тарапынан кеткен жаңсақтық солтүстікқазақстандық 84 фермерді сан соқтырған.

«Бұл жайтты Бас прокуратураға дейін жеткіземіз. Тіпті сотқа жүгінуге тура келетін шығар. Қалай десек те, шешімін табудың жолын таппайынша мәселені аяқсыз қалдырмаймыз», дейді  палата жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы Инесса Қуанова.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы