4 наурызда Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2019 жылдың 8 наурызынан 22 наурызына дейін Абу-Дабиде , БАӘ-да Шейх Мұхаммед бин әл-Нахаянның қамқорлығымен өтетін Дүниежүзілік арнайы олимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтеді. Қатысушылардың ең көп саны - 7,5 мың спортшы, 24 спорт түрінен 190 елден 2500 жаттықтырушы, 20 000 волонтер, 500 мың көрермен қатысады.
Еліміздің 8 аймағынан келген республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанған 67 спортшы спорттың үстел теннисі, теннис, дзюдо, жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, мини-футбол, гольф, букс, гимнастика, боулинг, роликті коньки, бадминтон сынды 15 түрінен, барлығы 98 адамнан тұратын Қазақстан құрама командасы қатысады.
Спешиал Олимпикс командасын Дүниежүзілік олимпиадаға салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне Қазақстан Республикасының Спорт комитеті, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті, Алматыдағы АҚШ Консулдығы мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Абу-Дабиде өтетін Дүниежүзілік ойындар аясында Арнайы олимпиаданы қолдаушы үкімет көшбасшылары, атақты тұлғалар, демеушілер, бүкіл әлемнен келген адамдардың басын қосатын «Құрметті қонақтар» бағдарламасы жүзеге асырылады. Н.Ә. Назарбаев 14 наурызда ашылу салтанатына Құрметті қонақ ретінде қатысады деп күтілуде.
Бұған дейін Елбасы «Спешиал Олимпикс Қазақстанды» ұйымдастырушыларға арнап: «Біздің елімізде мықты және дені сау азаматтар тағдыр талқысына түскен жандарға әрқашан мейірімділік пен қайырымдылық танытып, қол ұшын беріп келеді. Шынайы гуманизмге толы ізгі қоғамда осы жақсы дәстүрді сақтап қалуға деген ұмтылысқа бүкіл халық қолдауын көрсетуге дайын. Қымбатты достар, Сіздерге осы игі салада табыстар тілеймін», деген болатын.
«Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ арнайы бас директоры Ольга Сергеевна Бахарева : «Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін Дүниежүзілік арнайы Олимпиада ойындарына Спешиал Олимпикс Қазақстан 15-ші рет қатысуға лайықты деп шақырылды. Әрине, біз үшін - бұл тек жоғары мәртебе ғана емес, сонымен қатар спортшылардың табысқа жету жолындағы үлкен жауапкершілігі, яғни біз жоғары дәрежедегі 10-ға жуық марапатқа ие болуды жоспарлап отырмыз», деді .
Алматыда оқу-жаттығу жиыны аяқталып, Қазақстан командасы 8 наурызда Біріккен Араб Әмірліктеріне, одан кейін «Қабылдаушы қала» бағдарламасы бойынша Рас-Аль-Хайма Әміріне барады. Онда Ойынды ұйымдастырушылар спортшыларға жаттығуға, жергілікті климатқа бейімделуге, мәдени және ұлттық дәстүрлермен танысуға мүмкіндік жасайды. Команда 11 наурызда жеңіске жетуге деген ұмтылыспен Абу-Дабиге оралады.
«Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ немесе «Қазақстан арнайы олимпиадасы» мүмкіндіктері шектеулі жастар мен жасөспірімдерді спортпен шұғылдандыру арқылы қоғамға әлеуметтену мен интреграциялау мақсатында 1990 жылы құрылған. 1993 жылдан бастап «Спешиал Олимпикс Қазақстан» Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетімен танылды және Спешиал Олимпикс Инк деп тіркелді. КӘЖ 24 спорт түрі бойынша мүмкіндіктері шектеулі 20 мыңнан астам балаларды, жасөспірімдерді қамтиды, демеушілердің қолдауымен жыл сайын 250-ден астам жергілікті және республикалық деңгейде жарыстар өткізеді. Спешиал Олимпиаданың достары - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, облыс әкімдіктері, ЮНИСЕФ және спорттық федерациялар біздің спортшыларға қолдау көрсетеді.
1991 жылдан бастап Қазақстан құрама командалары әр түрлі елдерде 14 Дүниежүзілік Жазғы және қысқы Арнайы Олимпиада Ойындарына қатысты. Осы уақыт ішінде олар 225 алтын, 221 күміс және 160 қола медальді жеңіп алды. Сонымен қатар біздің спортшылар биік тұғырда тұрып, Қазақстанды әлемге паш еткен, Қазақстанның имиджін нығайтқан алғашқы азаматтардың бірі болды.
Өткен жылы Чикаго қаласында СҚБ –ның 50-жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді, сол жақта «Спешиал Олимпикс» қозғалысы 1968 жылы басталған еді. Юнис Кеннеди Шрайвердің бастамасы бойынша. 1988 жылы ХОК Президенті Антонио Самаранч және Спешиал Олимпикс Инк. Президенті Юнис Кеннеди Шрайх Спешиал Олимпиада қозғалысы Олимпиада сөзін өз атауында қолдануға құқылы деп тану туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта 190-нан астам ел Спешиал Олимпикс Инк. тіркелген мүшесі. 1968 жылдан бастап Дүниежүзілік арнайы олимпиадаға, кезекпен жазда және қыс мезгілінде 2 жыл сайын 5,5 миллионнан астам спортшылар 33 спорт түрінен қатысады. Көптеген беделді саясаткерлер, спорт жұлдыздары және эстрада жұлдыздары осы қозғалысты бүкіл әлемде қолдайды.
«Самұрық-Қазына» Қоры 2019 жылдың 8 наурызы мен 22 наурызы аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін Дүниежүзілік жазғы арнайы олимпиадаға қатысатын Спешиал Олимпикс қазақстандық спортшыларына қолдау көрсетпекші.
Ольга БАХАРАЕВА
«Қазақстан Арнайы Олимпиадасы» Бас директоры