• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2019

Шымкентте мешіт имамы борышкер әкелерді алимент төлеуге шақырды

622 рет
көрсетілді

 

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген жұма намазында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің орталық «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» мешітінде Исламдағы аманат тақырыбын негізіне алған «Алимент төле, әкетай!» атты уағыз жүргізілді.

Кезекті жұмада Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев Алла үйіне жиналған жамағатқа ұрпақ тәрбиесі хақында уағыз айтты.

«Діни тұрғыда да әке – өз балалары үшін ақыретте Алланың алдында есеп бермек. Сонда қазір алимент төлемей қашып жүрген әкелер бұл дүниеде заң алдында, ал ақыретте Алланың алдында жауапты болмақ. Әрбір ата-анаға балалары аманат болып саналады»,  деді өкіл имам.

Дін өкілі алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкер әкелерге туған баласына қамқорлық таныту қажет екендігін және балаларымызға дұрыс тәлім-тәрбие беруде осалдық танытпауды шақырды.

Қазіргі таңда Шымкент қалалық прокуратурасымен бірлескен жұмыстар аясында 80 мешітте арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 85-тен астам жамағат қатысты.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент