• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2019

Маңғыстаулық департаментте «Ашық есік күні» өткізілді

591 рет
көрсетілді

 

Маңғыстауда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтті.

Айтулы күнге орай Департаменттің тыныс-тіршілігімен, бағыт-бағдарымен және атқаратын жұмыстарымен таныс болу үшін келгендер де аз болмады. Олардың ішінде өздерінің шағымдарымен, ұсыныс сұрақтарымен келген жастар көп болды. Атап айтқанда, тестілеу кезеңдері және мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі бойынша сауалдарымен келген, сонымен қатар, жастар практикасы бойынша мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүрген бір топ мамандар келді.

Келушілерге Департамен қызметкерлері өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің факторлы-балдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілерге арналған тестілеудің кезеңдеріндегі жеке қасиеттерін бағалаудың жаңа шарттарын арнайы әзірленген парақшалар арқылы түсіндіріп, мемлекеттік қызмет саласына еніп жатқан жаңалықтармен бөлісті. Олардың ішінде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жаңашылдықтар, электронды қызмет алу, өзіне өзі қызмет көрсету салаларындағы өзгерістерді де атап өтті. Осы сәтті пайдалана отырып, департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы келушілерге өзіне-өзі қызмет көрсету мен электронды қызмет алу түрлерін және қазіргі таңда іске қосылған «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасының тиімділігін түсіндірді.

Өздерінің жеке сұрақтарын, ой пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап болғаннан кейін, департамент басшысы тестілеу залы мен қызметкерлердің жұмыс бөлмелерін аралап, арнайы әзірленген парақшалармен барлық басқарманың атқаратын жұмыстарын таныстырып өтті.

Сөз соңында Департамент басшысы Нұргүл Алмасқызы жастарға қазіргі заман ағымына сай, болашаққа нық сеніммен нақты мақсат қойып, өздеріне деген сенімділіктің жоғары болу керектігін айтты.

- Бұл ұйымдастырылған «Ашық есік күні» жастарға, біздерге жақсы әсер қалдырды деп ойлаймын. Себебі сұрақтарымыз, түсінбеген тұстарымыз көп болады. Мемлекеттік қызметке енді орналасқалы жүрген, еңбек шартымен немесе жастар практикасымен жүргендерге пайдасы бар. Шара қызық, әрі бізге ұнады,дейді Жақсылық Әбубәкір. Ол қазір Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде еңбек шартымен қызмет етеді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы