Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:40
World Future Energy Summit (WFES) дүниежүзілік саммиті 2012 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында халықаралық энергетика апталығы шеңберінде өтуде. Саммиттің ұйымдастырушылары оны болашақтың тұғырнамасы деп атайды, себебі осында болашақ электр энергиясын өндіру мен тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.
Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:40
World Future Energy Summit (WFES) дүниежүзілік саммиті 2012 жылдың 16-19 қаңтары аралығында БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында халықаралық энергетика апталығы шеңберінде өтуде. Саммиттің ұйымдастырушылары оны болашақтың тұғырнамасы деп атайды, себебі осында болашақ электр энергиясын өндіру мен тиімді пайдалану мәселелері талқыланады.
100-ден астам елдің жетекші басшылары, саясаткерлері, сарапшылары, ғалымдары мен инвесторлары жаңартылатын энергия көздері рыногының жағдайын талдау және бағалау, жаңартылатын энергия көздері мен экологиялық таза технологияларды пайдалану және оларға инвестиция салу, климаттың жаһандық өзгеруімен байланысты маңызды энергетикалық мәселелердің шешімдерін талқылау үшін бас қосты.2011 жылдың қазан айында Қазақстан Женева қаласында өткен Еуропа энергетикалық форумына (European Future Energy Forum) қатысты. Форум шеңберінде қазақстандық делегация Масдардың атқарушы директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабер мырзамен (Dr Sultan Ahmed Al Jaber) кездесу барысында Абу-Дабидегі қазақстандықтар Болашақ энергиясы жөніндегі дүниежүзілік саммитке шақырылған болатын.Еліміз үшін WFES – балама энергияны дамыту мәселелері жөніндегі ашық және нәтижелі диалог үшін маңызды кеңістік. «Болашақ энергиясы» – EXPO-2017-ні өткізу құқығына Астана үміткер болып табылатын көрменің тақырыбы. Қазақстандық делегация басшысы Айдар Қазыбаевтың айтуынша, «2011 жылдың маусым айында біздің ел Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге ресми түрде өтінім берді. Энергетика және экология мәселелерінің айрықша маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан көрмені өткізу үшін әлем қауымдастығына энергияны үнемдеу және күн, жел энергиясы, теңіз, мұхит және жылы судың энергетикалық ресурстары сияқты балама энергия көздерін енгізу мәселесін кеңінен тарқатуға мүмкіндік беретін «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.»Мол табиғи ресурстарға қарамастан, балама энергияны дамыту мемлекетіміздің басымдықтарына жатады. Қазақстанның желдің, күннің жаңартылатын энергиясындағы әлеуеті өте зор. Қазіргі таңда үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың индикаторлары белгіленген, оларға сәйкес 2014 жылға 1 миллиард кВт. сағаттан астам электр энергиясы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілуге тиіс.Қазақстандық делегацияның құрамында Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің Төрағасы Айдар Қазыбаев, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Жақып Бөкенбаев, Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары Гауһар Бейсеева, «Парасат» холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Мылтықбаева бар.Саммитке көптеген сарапшылар және делегаттармен қатар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Қытай премьері Вэнь Цзябао, БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Хелен Кларк, WWF International бас директоры Джим Лип қатысуда.Masdar компаниясының атқарушы директоры Әл Джабер мәлімдегендей, «WFES саммиті бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр және жаңартылатын энергетиканы, энергия тиімділігін және су ресурстары мен қалдықтар секторларын дамытуға атсалысуға бағытталған басты әлемдік жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Болашақ энергетикасы мәселелері жөніндегі дүниежүзілік саммит таза технологиялар мен жаңартылатын энергияны таратуды одан әрі жылжытуға ұмтылатын елдер арасында байланыс орнатуды жалғастыруда».«Егемен-ақпарат».