• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2012

Еуроаймақ ыдырай ма?

326 рет
көрсетілді

Еуроаймақ ыдырай ма?

Бейсенбі, 23 ақпан 2012 8:18

Әрбір екінші британдық топ-менеджер 2012 жыл­дың соңына қарай еуроаймақтың ыдырау тәуекелін жоға­ры деп есептейді.

Жүргізілген сауалнамаға сәйкес топ-менеджерлердің 12 пайызы тәуекелді «өте жоғары» деп бағаласа, 38 пайызы әншейін «жоғары» деп бағалайды. Тәуекелді «бір қалып­ты» дейтіндер 34 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге, топ-менеджерлердің 35 пайызы 2011 жылдың соңғы тоқса­нында басталған экономикалық құлдырау үстіміздегі жылы да жалғасады деп есептейді. Италия, Испания және Португалия елдері валюта одағынан шығады деген де пікірлер айтылуда.

 

Бейсенбі, 23 ақпан 2012 8:18

Әрбір екінші британдық топ-менеджер 2012 жыл­дың соңына қарай еуроаймақтың ыдырау тәуекелін жоға­ры деп есептейді.

Жүргізілген сауалнамаға сәйкес топ-менеджерлердің 12 пайызы тәуекелді «өте жоғары» деп бағаласа, 38 пайызы әншейін «жоғары» деп бағалайды. Тәуекелді «бір қалып­ты» дейтіндер 34 пайызды құрап отыр. Сонымен бірге, топ-менеджерлердің 35 пайызы 2011 жылдың соңғы тоқса­нында басталған экономикалық құлдырау үстіміздегі жылы да жалғасады деп есептейді. Италия, Испания және Португалия елдері валюта одағынан шығады деген де пікірлер айтылуда.

Үміттен гөрі күдік көп

Халықаралық валюта қоры еуроаймақ елдері Афинаға 130 млрд.еуро қаржы бө­луді қуаттағаннан кейін Грекияға 23 млрд.еуро беруі мүмкін.

Дей тұрғанмен, ХВҚ мен Еуроодақ Гре­кияға көрсетілетін жаңа көмек бағдар­л­а­ма­сының табысты боларына күмән келтіреді. Еурокомиссия, Еуропа орталық банкі мен ХВҚ сарапшылары эко­номикалық реформаларды жүзеге асырудың үнемі кешіктіріле беруі грек рецессиясын ушықтыра түседі, ал елдің қарызы 2020 жылы да ІЖӨ-нің 160 пайызы мөлшерінде қалуы мүмкін деген қауіп айтуда. Грекияның жаңа транш алуға қол жеткізгеніне қара­мастан, Грекияның өзі де, оның кредиторлары да белгіленген қатаң экономия жоспарының орындаларына онша сене қоймайды.

Тұрмысы төмендер қатары көбеюде

 

Ресейде өткен жылы табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтіндер қатары өсе түскен.

Алдын ала жасалған бағалау бойынша, Ресейде кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқандар 2011 жыл ішінде 12,6-дан 12,8 пайызға дейін артқан. Осы елдің Экономикалық даму минис­тр­лі­гінің болжамы бойынша, таяудағы екі жылда табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтіндер саны көбейе түспек. Жағдай тек 2014 жылы ғана жақсаруы мүмкін деген болжам айтылуда.

 

Салық ставкалары өзгермек

АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі кор­пора­тивтік табыс салығын 20 пайызға қысқартуды ұсынды.

Әкімшіліктің ресми сайтында көрсе­тілгендей, корпорация табысынан алынатын алымды 35-тен 28 пайызға дейін тө­мендету қарастырылып отыр. Осылайша, өнім өндірушілер табысына салынатын салықтың орташа ставкасы (жеңілдіктерді ескергенде) АҚШ-та 25 пайызды құрамақ. Президент әкімшілігі сондай-ақ мұнай мен газ өндіретін компаниялар үшін табыс салықтарының ставкасын ұлғайтуды, сонымен бірге, оларды бірқатар жеңіл­дік­терден құралақан қалдыруды да қарастырып отыр.

 

Ливиядағы ахуал тынышталар емес

 Ливияның Куфра қаласы аймағындағы тайпааралық жанжалдар қарулы қақты­ғыс­қа ұласып, кемінде 50 адам қаза тапқан.

Әл-Завиа және Табу тайпалары арасында тұтанған ұрыс­тарда минометтер, раке­талық қондырғылар мен пулеметтер қолда­нылуда. Қалада электр қуаты, су мен азық-түлік жоқ. Қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмек тапшы­лы­ғынан дәрігерлер жаралыларды елдің солтүстігіндегі қалалар­ға ауыстыруға мәжбүр болуда. Жанжал шыққан аймақтағы тұрғындар да сол жақтарға қашуда. Өтпелі ұлттық кеңес ел аумағында толық бақылау орнатудың мүмкін еместігін мойындап отыр.

 

Президентке қастандық жасалды

Кеше Абхазия президенті Александр Анквабқа қастан­дық жасалды.

Ақпарат көздерінен мәлім болғанындай, республиканың Гудаут ауданында келе жатқан кортеж жолында бірнеше фугас жарылған. Жарылыс салдарынан президентті алып келе жатқан автомәшинелер көбірек зардап шеккен көрінеді. Екі күзетші жарақат алған, ал Анквабтың өзі аман, ол қазір Сухумиде өзінің жұмыс орнында.

 

Зауытта орын алған апат

ҚХР-дың металлургия зауытында апат болып, 10 адам қаза тапты.

Оқиға бұрнағы күні кешкілік Ляонин провинциясындағы Angang Heavy Machinr Co., LTD ауыр мәшине жасау кәсіп­орнында орын алған. Соңғы мәліметтерге қарағанда 10 адам қаза тауып, 17 адам түрлі дене жарақаттарын алған көрінеді. Тағы 3 адамның тағдыры әзірге белгісіз болып отыр. Апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Сұйық планета да бар екен

Астрономдар өзгелерге мүлде ұқса­май­тын планетаның атауын тауып отыр.

Тас планетаның не екені астрономдарға ғана емес, баршаға да мәлім. Біз Күннен кейінгі дәл сондай үшінші планетада өмір сүріп жатырмыз. Күн жүйесінде Сатурн сияқты газ планетасы және Плутон сияқты мұзды планета да бар. Ал ғалымдар қайнап тұрған су әлемінің бар екенін де анықтап отыр. Олардың біреуінің атауы GJ 1214b деп аталады. Америкалық ғалымдар бұл планетаны НАСА-ның ғарыштық телескопының көмегімен анықтаған көрінеді.

 

Иран жауап қайтаруға дайын

Тегеран өз жауларына қарсы іс-қимылдар жасау мүм­кіндігін жоққа шығармайды.

Британдық және француз компанияларына мұнай жеткізіп беруді тоқтату Тегеранның батысқа қарсы күрестегі жалғыз ғана ескерту шарасы болмауы мүмкін. Ислам Иран Республикасы қарулы күштері қолбасшысының орынбасары Мохаммед Хеджази егер ұлттық қауіпсіздікке қатер төнер болса, Иран­ның өз жауларына қарсы ескерту іс-әрекеттеріне бара алатынын мәлімдеген. Егер жауларымыз Иранның ұлттық мүддесіне қатер төндірді деп есептесек, біз олардың әрекетін күтпей-ақ іс-қимылдарға көшеміз деп түсіндірген ол Тегеранның ұстанымын.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.