• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Наурыз, 2019

«Boeing 737» ұшағы апатқа ұшырап,157 адам қаза тапты

971 рет
көрсетілді

Аддис-Абебадан Кенияның астанасына бағытталған Ethiopian Airlines ұшағы жексенбі күні таңертең апатқа ұшырады. Апат салдарынан 149 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі қайтыс болды. Бортта 32 кениялық, 18 канадалық, сегіз америкалық, жеті британдық және үш орыс ұлтының азаматы болды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Boeing 737 жолаушылар ұшағы Аддис-Абебадан Найробиге ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң радар экранынан жоғалып кетті. Кейіннен авиакомпания ұшақтың құлауынан ешкім аман қалмағанын растады.

Қайғылы оқиғаның себептерін арнайы құрылған комиссия анықтауда.

Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Али ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олар үшін әуежайға жақын орналасқан қонақ үйлердің бірінде психологиялық көмек орталығы құрылды.

Осы модельдің ұшағы қазан айында Индонезияда да құлаған еді.

БҰҰ жаңалықтарына сәйкес, мерт болғандар арасында БҰҰ жүйесі мекемелерінің 19 қызметкері, соның ішінде Халықаралық көші-қон ұйымдары, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі басқармасы, БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы және Дүниежүзілік Банк қызметкері болған.