• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2012

Жаңа лауазымға ие болды

315 рет
көрсетілді

Жаңа лауазымға ие болды

Жұма, 13 сәуір 2012 6:42

Солтүстік Кореяның көсемі Ким Чен Ын жаңа лауазымға ие болды.

КХДР Еңбек партиясы оны партияның Орталық әскери комитетінің төрағасы етіп сайлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, комитет шамамен 1,1 миллион әскери қызметшіні құрайтын Солтүстік Корея армиясына бақылау жасайды. Ким Чен Ынның қазірдің өзінде Корея халық армиясының бас командашысы деген лауазымы бар. Бұған дейін оған Еңбек партиясының бірінші хатшысы атағы берілген болатын. Іс жүзінде ол оның басшысы болып табылады. Ким Чен Ынды КХДР-да «ұлы көшбасшы» деп атайды.

 

Жұма, 13 сәуір 2012 6:42

Солтүстік Кореяның көсемі Ким Чен Ын жаңа лауазымға ие болды.

КХДР Еңбек партиясы оны партияның Орталық әскери комитетінің төрағасы етіп сайлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, комитет шамамен 1,1 миллион әскери қызметшіні құрайтын Солтүстік Корея армиясына бақылау жасайды. Ким Чен Ынның қазірдің өзінде Корея халық армиясының бас командашысы деген лауазымы бар. Бұған дейін оған Еңбек партиясының бірінші хатшысы атағы берілген болатын. Іс жүзінде ол оның басшысы болып табылады. Ким Чен Ынды КХДР-да «ұлы көшбасшы» деп атайды.

МЕКСИКАДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ

Мексика жағалауында өте күшті жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, зілзала күші 7,1 баллды құраған. Жер сілкінісінің кіндігі Сонора штатының аумағында болған көрінеді. Әзірге қираған ғимараттар мен құрбан болғандар туралы мәліметтер жоқ. Осы орайда, үстіміздегі жылдың 24 наурызында Мексиканың оңтүстігінде 7,4 баллды құраған жер сілкінісінің орын алғанын, соның салдарынан кем дегенде 32 мың үйдің зақымданғанын да айта кету қажет.

 СИРИЯДА ТЫНЫШТЫҚ ОРНАДЫ

Батыс ақпарат агенттіктері 12 сәуір күні таңертең­гілік әскер мен ереуілшілер қақтығысы неғұрлым шиеленісті болған аймақтарда тыныштық болғанын хабарлаған. 

Бұл сириялық әскерилердің ереуілшілерге қарсы бірнеше апта бойы жүргізген белсенді іс-қимылдарынан кейінгі алғашқы үзіліс. Жекелеген атыстардың орын алғандығы туралы хабарланғанына қарамастан, бүтіндей алғанда қақтығыстар неғұрлым күшті болған аудандарда тыныштық орнаған көрінеді. Ең ірі ереуілші топ болып саналатын Сирияның ерікті армиясы үкімет әскерлері өздеріне шабуыл жасамаса, осы бітімді одан әрі сақтайтындарын мәлімдеп отыр. Бұл БҰҰ-ның арнайы елшісі Кофи Аннанның бейбіт жоспарының жүзеге асқанын көрсететін тәрізді.

АДВОКАТТАН БАС ТАРТЫП ОТЫР

Ливияның қаза тапқан көсемі Муаммар Каддафи­дің ұлы Сейф әл-Ислам сотта өзін адвокат көмегінсіз қорғамақ ниетте.

Бұл жөнінде Триполи өкіметі мен Гаагадағы Халық­ара­лық қылмыстық сотпен байланыс орнатушы және осы іске жауапты ливиялық заңгер Ахмед әл-Джихани мәлімдеген. Оның айтуынша, соңғы болған кездесуде Каддафидің ұлы бұған заңдық тұрғыда бірнеше сауалдар қойып, одан кейін сотта өзін дербес қорғайтынын жеткізген. Әл-Джиханидің адвокат жалдау туралы кеңес бергеніне қарамастан, ол өзін «Милошевич сияқты қорғамақ ниетте».

БАНТИОҒА ТАСТАЛҒАН БОМБА

Суданның әскери-әуе күштері кеше Оңтүстік Судандағы Бантио қа­ла­сына бірнеше рет соққылар жасаған.

Оңтүстік Судан үкіметі таратқан ақпа­ратқа қарағанда, әскери-әуе күштері қала аймағына бес бомба тастаған көрінеді. Кейбір мәліметтер бойынша Суданға апаратын жолдағы көпір нысанаға алынған.  Бомбалауға душар болған қала екі мемлекет шекарасынан 60 шақырым қашықтықта орналас­қан. Әуе соққылары салдарынан ешкім зардап шекпеген көрінеді. Халықаралық бақылаушылар екі ел арасындағы шиеленістің ұлғайып бара жатқанын, оның соңының ашық қақтығысқа соқтыруы мүмкін екенін айтуда.

НАТО ЖОСПАРЫН ӨЗГЕРТПЕК ЕМЕС

НАТО Ауғанстандағы қауіпсіздікке бақылау жа­сау­ды ел өкіметіне 2014 жылдың соңында беру жоспарынан таймақ емес.

НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осындай мәлімдеме жасаған. Сөз ретінде альянс басшысының ел пре­зиденті Хамид Карзаймен келіссөздер жүргізу үшін Ауған­станға келгенін айта кету қажет. Кабул қаласы түбіндегі ха­­­лықаралық күштер базасында сөз сөйлеген Расмуссен 2013 жылдың ортасынан бастап ауғандық күштердің елде тек қосалқы рөл ғана атқаруы тиіс екенін атап көрсеткен. Қазір­гі уақытта  Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің саны 330 мың адам­ды құрайды. Жыл соңына дейін ол 352 мыңға жетуі тиіс.

ГРЕКИЯДА ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Грекия үкіметі мерзімінен тыс парламент сайла­уын үстіміздегі жылдың 6 мамырына белгіледі.

Ел президенті Каролос Папульяс шығарған декретте атап көрсетілгендей, ол парламентті таратып, мерзімінен тыс парламент сайлауын тағайындайды. Осы орайда Грекия экономикасының айтарлықтай экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанын айта кету керек. Осы жылдың наурызында жеке сектордың қолында болған мемлекеттік облигацияларды айырбастау табысты жүзеге асқан соң, Халықаралық валюта қоры Афинаға 130 миллион еуродан астам тұрақтандыру несиесін бөлуді қуаттаған болатын.

ҚЫТАЙДАҒЫ ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫ

Қытайдың Аньхой провинциясы аумағында жолаушылар автобусының жүк машинасымен соқтығысуы салдарынан 24 адам қаза тапқан.

Құтқарушылар жапырылып қалған автомобиль астынан шығарып алған екі адам ауруханаға жеткізілген. Сонымен бірге, жүк машинасы жүргізушісінің апат болған жерде қаза тапқаны да расталып отыр. Автобуста қанша жолаушы бол­ға­ны әзірге белгісіз. Оқиға болған жерде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жол-көлік апаты орын алған магистраль Аньхой провинциясын Цзянсу және Хэнань провинцияларымен  жалғастырады. Жол-көлік  оқиғалары салдарынан жыл са­йын Қытайда шамамен 70 мыңдай адам қаза табатын көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.