• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2019

«Эйр Астана» екінші Embraer 190-Е2 ұшағын сатып алды

1218 рет
көрсетілді

Бразилияда жасалған «Embraer 190-Е2» әуе кемесі елімізге зауыттан тікелей әкелінді. Бұл AerCap компаниясынан операциялық лизинг тапсырысы бойынша алынған бес әуе лайнердің екіншісі. 

Қалған ұшақтар биыл жеткізіледі. Ұшақ шағын және орташа қашықтыққа арналған және ұшу ұзақтығы 5 300 км болатын екі қозғалтқышты тар фюзеляжды реактивті жолаушылар ұшақтарының тобына жатады. Ол E190-мен салыстырғанда 1000 км артық ұша алады.

Бұл ұшақтың фюзеляж бен қанаттарының конструкциясы өзгертіліп, аэродинамикасы жақсартылған және PW GTF (АҚШ) жаңа қозғалтқышы орнатылған.  Ұшақтың салоны 108 кресломен және жолаушылар үшін ойын-сауық сымсыз жүйесімен жабдықталған. Бұл әлемдегі шуыл деңгейі төмен және техникалық сипаттамасы жақсарған ең тиімді ұшақтардың бірі. 

Екінші Embraer 190-E2 ұшағының алғашқы коммерциялық рейсі 31 наурызда Алматы-Орал-Алматы бағыттарына орындалады деп жоспарланып отыр. Әуе лайнері Қазақстан бойынша, Ресейдің қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Украина астаналары мен Қытайдың Үрімші қаласына ұшатын болады. Фюзеляжында қар барысы бейнеленген алғашқы Е2 әуе лайнері 2018 жылдың желтоқсан айында алынған болатын. Жаңа әуе лайнерлер Қазақстанда 2011 жылдан бері қолданылып келе жатқан Embraer 190 үлгісіндегі ұшақтарды алмастырады. Әуе компанияның флоты Boeing 767/757, Airbus A320/A321 и Embraer E190 сияқты 35 ұшақтан тұрады.