• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2012

Кешірім жасалды

305 рет
көрсетілді

Кешірім жасалды

Сейсенбі, 17 сәуір 2012 7:41

Белоруссияда 2010 жылдың желтоқсан айында болған президентсайлауының қорытындысына қарсы болғандар Үкімет үйін басып алажаздап, үлкен дүрбелең туғызған еді. Полиция 700-дей адамды ұстап, көп адам жаппай тәртіпсіздіктерге жол бергені үшін деген қылмыстық баппен түрмеге қамалған.

 

Сейсенбі, 17 сәуір 2012 7:41

Белоруссияда 2010 жылдың желтоқсан айында болған президентсайлауының қорытындысына қарсы болғандар Үкімет үйін басып алажаздап, үлкен дүрбелең туғызған еді. Полиция 700-дей адамды ұстап, көп адам жаппай тәртіпсіздіктерге жол бергені үшін деген қылмыстық баппен түрмеге қамалған.

Соның ішінде президенттік лауазымға кандидатурасын ұсынған А.Санников те болды. Ол бес жылға бас бос­тан­ды­ғынан айырылған болатын. Белоруссия басшылығы батыстың қысымына қарамай, сот таныған қылмыс­кер­лерге кешірім жасаудан осы уақытқа дейін бас тартып келген. Тек олардың өз қылмыстарын мойындап, кешірім жасау туралы өтінішінен кейін ғана А.Лукашенко А.Санников пен оның әріптесі Д.Бондаренконы өзінің жарлығымен түрмеден босатты.

Жаңа төраға келді

Бүкіләлемдік банктің жаңа төр­аға­сы болып кеше АҚШ азаматы Джим Ен Ким сайланды. Ол бұған дейін туберкулезге және СПИД-ке қарсы кү­рестің кураторы қызметін атқарған. Соңғы кезде ол Нью-Гемпширдегі Дортмунд колледжін басқаратын.

Оның кандидатурасын АҚШ президенті Барак Обама ұсынды. Банктің негізгі акционерлері АҚШ, Жапония және Еуроодақ болып табылады. Төрағалыққа өздерінің кандидатураларын барлық 187 қатысушы да жасай алады. Дегенмен, негізінен осылар ұсынған кандидаттар ғана өтіп келеді.

Тәліптер азуын көрсетіп қалды

Демалыс күндері Кабулда тәліптердің шабуылы болды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімет­теріне қарағанда, оған 19 лаңкесші қатысқан. Олар 18 сағат бойы қаланың нағыз орталығында атысып, 8 полиция қызметкерін және ұлттық гвардияның 40 әскерін шейт қылды.

Лаңкесшілер қала орталығындағы жаңадан салынып жатқан сауда орталығының биік ғимаратын басып алуды көздеген. Осы жерден олар Британ және Германия елшіліктерін шабуылдамақшы болған. Ауған өкіметінің күштеріне НАТО тікұшақтарының көмегі көп болды. Олар лаңкестердің қайда орналасқанын анықтап отырған және мергендерін жоюға үлес қосқан.

Ресейдің мойындағысы жоқ

Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына 1940 жылғы Ресей жерінде болған Катынь қыр­ғынына байланысты 15 поляк азаматы қайы­рылған. Олар Ресейдің поляк офицерлерін заңсыз қырған қылмысын мойындатуды көздейді. Сөйтсе, үлкен көлемде өтемақы алары сөзсіз.

Бірақ сот біржақты шешім қабылдаған жоқ. Тек адамдарды жаппай заңсыз, сотсыз ату фактісін мойындамауға лаж жоқ екенін және Ресейдің осы уақытқа дейін қылмысты толық ашуға кедергі жасап келгендеріне қайран қалатын­дық­тарын жариялаған. Бұған қанағаттанбаған талап-арыз берушілер енді осы соттың жоғары инстанциясына шағынбақшы.

Темір жолды аукционға қояды

Грузия өкіметі осы уақытқа де­йін толығымен мемлекет менші­гін­де болып келген темір жолының 25 пайыз­дық акциясын Лондон биржасында аукционнан сату туралы шешім қа­был­дады. Қазір бұл саудаға қызы­ғу­шылар қатары көп екені айтылуда.

Елдің құрлықтағы негізгі көлік құралы болып табылатын темір жол былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 285,8 млн. доллар табыс тапқан екен. Үкімет түсімнің 30 пайызын дивиденд төлеуге жұмсайтынын да жариялаған. Аукцион мамыр айында өтетін болады.

Олимпиада орталығын нысанаға алғаны емес пе?

Сочи қаласының ортасындағы бір дүкеннің алдында қолдан жасалған бомба жарылған. Нәтижесінде өтіп бара жатқан бір адам қатты жараланған. Қысқы Олимпиадаға қатты дайындалып, тәртіп сақтаудың қатаң режіміне енген қала тұрғындарына бұл жәйт төбеден жай түсіргендей болды.

Бомбаның жасалу сапасы төмен әрі актінің нақты себебі белгісіз деп жергілікті полиция бұл істі ұсақ қылмысқа сайып, жақауратып отырғанымен, осы күндері қала тұрғындары арасында кәдімгідей дүрбелең бар. Краснодар өлкесінің барлық полициясы қазір қатаң режімдегі қызмет тәртібіне енгізілген.

Қысқа қайырып айтқанда:

* ОАР президенті Джейкоб Зума алтыншы рет үйленіп, төртінші әйелін үйіне кіргізді. Бұл елде көп әйел алуға рұқсат етілген. 70 жастағы президенттің 21 баласы бар, ол 2009 жылдан бері мемлекет басында отыр.

* ҚХДР президенті Ким Чен Ын ел экономикасына реформа жасауда капиталистік әдістерді де қолданудан қорықпау керек екенін жария етті. Бұған дейін рыноктық әдістерді ұсынуға мамандар идеологиялық жағынан айыпты болып қалудан қорқып, үндей алмайтын.

* Ослода 77 адамның қанын жүктеген «норвег атқы­шына» сот процесі басталды. Сот залына әкелініп, қолынан кісен алынғанда ол фашистердің әдісімен оң қолын көтеріп, жиналғандарға сәлем берген.

* Өткен жексенбі күні Париж көшелеріне Н.Саркози мен оның қарсыласы Ф.Олландты қолдайтын митингіге бару үшін 100 мыңнан артық адам шықты.

* Кипр республикасы өз порттарына Германияның Иран қаруларын тиеген кемелерін тоқтатпайтынын жариялады. Өйткені, кемедегі қарулар Сирия өкіметі әскерлеріне арналғандығы белгілі болып отыр.

* Қытайдың шығысындағы Шэньян-Хайлоу жоғары жыл­дамдықты автотрассасында қалың тұманның кесірінен 7 жол апаты оқиғасы болып, 12 адам шейт кеткен. Ал 26 адам түрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілген.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.