• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2012

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

319 рет
көрсетілді

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:44

Жұмаға қараған түнде Кабулде АҚШ-тың «Блэк Навл» атты әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Мұн­­дай тікұшақтың экипажы төрт адамнан тұратын. Әзір­ге соның қаншасы қаза болғаны анықталған жоқ.

Америка әскерлерінің арнаулы өкілі тікұшаққа шабуыл жасалуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Бірақ апат ауа райының қолайсыздығынан болған шығар деген күдік әзірге басымдау тұр. Ал британ әскерилері тікұшақта ағылшын азаматы жоқ екенін жариялап, халқына «қуанышты» хабарын жеткізіп үлгерді.

 

Сенбі, 21 сәуір 2012 7:44

Жұмаға қараған түнде Кабулде АҚШ-тың «Блэк Навл» атты әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Мұн­­дай тікұшақтың экипажы төрт адамнан тұратын. Әзір­ге соның қаншасы қаза болғаны анықталған жоқ.

Америка әскерлерінің арнаулы өкілі тікұшаққа шабуыл жасалуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайтынын мәлімдеді. Бірақ апат ауа райының қолайсыздығынан болған шығар деген күдік әзірге басымдау тұр. Ал британ әскерилері тікұшақта ағылшын азаматы жоқ екенін жариялап, халқына «қуанышты» хабарын жеткізіп үлгерді.

Жанкештілер чегемде де өріп жүр

Қап тауы республикаларындағы жан­кештілер әрекеті басылар емес. Кеше Кабарда-Балқар республика­сын­да­­­ғы Чегем қаласында соңынан аңдып, ақыры ұстауға ұмтылған кезінде бір жанкешті өзін өзі жарып жіберді.

Бұл – «Чегемнен шыққан Сандро» деген Фазиль Искан­дирдің романы арқылы аты әлемге танылған қала. Қазір мұнда да тыныштық кеткен, жарылып өлгеннің жанында бол­ған екінші жанкешті жасырынып үлгеріпті. Ұстаушы­лар­дың арасында шейіт болғандар жоқ делініп хабарлан­ға­ны­мен, ауыр жарақат алғандардың қанша екені жасырылып қалған.

Авиакомпанияның айтқанына көнбейді

Испанияның елдегі аса ірі авиакомпания­лары­ның бірі – «Иверия» халықаралық және елішілік 122 авиарейстің ұшпайтындығын жариялады. Нақ­тырақ айтсақ, барлық рейстердің 58-і елішілік, қалғанының бәрі халықаралық. Бұл – мыңдаған жолаушыны әлекке салған ауыр оқиға болып отыр.

Барлық түйін бүкіләлемдік дағдарысқа тіреліп тұр. «Иверия» авиакомпаниясы ұшқыштар еңбекақысының 20 пайызын қысқартатынын жариялаған екен. Бұған ұш­қыш­тар кәсіподағы өре түрегеліп қарсылық білдіріп, осымен 17-ші мәрте ереуілге шықты. Авиакомпания еңбек­ақы­ны қыс­қарту арқылы ақша үнемдейтін болсақ, дағдарысқа тө­теп бере аламыз, дейді. Бірақ оған кәсіподақ көнетін емес.

Мұнайдың фьючерлік бағасы артты

Нью-Йорктің қор биржасы амер­и­калық жеңіл мұнайдың мамыр айына сәйкес келетін фью­чер­лік баға­сын анықтады. Ол қазіргі бағадан 0,33 долларға артып, бір баррельге 102,6 доллардан айналатыны белгілі болды.

Бәлендей айырмашылық болмаса да фьючерлік бағаның өсе түскені делдалдарды қиналтуда. Ал Лондон биржасында мұнайдың фьючерлік бағасы 0,49 долларға төмендеп, бір барреліне 117,4 доллардан айналатын болды.

Қайыры жоқ көп ақша қайда қалмақ?

Кеше түнде Мәскеу қаласында «Консультация-страхования» компаниясының бас директоры Шәмілхан Бесаевты белгісіз біреулер Беговая көшесіндегі өз үйінің алдында атып кетті.

52 жастағы бизнесменнің денесіне оқ үш жерден тиген. Болжам бойынша, ол тапсырыс бойынша өлтірілген. Өйткені, қалтасындағы әмияны мен қымбат сағаты және қалтафоны орнында қалған. Білетіндер Бесаевтың аса зор табыскер азамат болғанын, сондықтан оның бәсекелестері де көп болғанын айтып, өлімге солардың бірі кінәлі болуы ықтимал деген болжам жасауда.

«Мир» ТРК – Грузияға қажетсіз арна

Грузия президенті Михаил Саакашвили «Мир» телерадиокомпания­сы­ның бір құрылтайшысы ретінде Гру­зияның 1994 жылғы 24 жел­­тоқ­­­санда қол қойылған келісімінің күші жойылды деген жарлық шығарды.

Әзірге президенттің бұл жар­­лығына ресми адамдар ешқандай түсінік берген жоқ. Бірақ бар мәселе Грузияның Мәскеумен екі арадағы кикілжіңінде екені сөзсіз. Мәскеудің ықпалында отырған бұл арна Грузия туралы шыншыл хабарлар көрсетуді шектеп жүргені туралы сыбыстар бұған дейін де айтылып келген болатын.

Қысқа қайырып айтқанда:

• Мәскеудің Домодедово әуежайында былтыр болған террорлық актіге байланысты көлік милициясы мен авиакомпания бас­шы­лығына қатысты қылмыстық іс «авиа тасымалдағы қауіпсіздік шараларының жүйесі» атты тәртіп қабылданбай тұрғанда болған оқиға себепті қысқартылған.

• Сириядағы 13 айға созылған саяси дағдарыс Түркияның туризм индустриясына да өзінің залалын тигізіп отыр. 2012 жылдың екі айында былтырғы жылмен салыстырғанда турис­тер 1,98 млн. адамға азайып кеткен.

• Суданның ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылар 20 сәуірде өздерінің табысты операция жүргізгенін мақтанышпен жария етті. Олардың айтуына қарағанда, шабуыл барысында өкіметтің 79 офицері мен солдаты жойылған көрінеді.

• Ресейдің Сахалин аралы мен Жапонияның Хоккайдо аралын бөліп тұрған Лаперуза шығанағында Жапонияның «Сиюмару-18» атты балықшы кемесі апатқа ұшырады. Жапонның жағалау құтқару қызметі экипаждың екі-ақ мүшесін құтқарып үлгерген. Апат кемедегі өрттен болған деген болжам бар.

• Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон милицияны полиция деп атау туралы заң әзірлеуге тапсырма берді. Ол бұл қадамға милиция қызметкерлері қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың өрістеп бара жатқанын тыю мақсатында барғанын мәлімдеді. «Милиция» сөзі енді Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Белоруссияда ғана қалды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.