11 наурызда қаланы қардан тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 642 бірлігі жұмылдырылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бір тәулік ішінде қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 32 205 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 21 769, өзге мекемелер 10 366 текше метрін шығарды. «16 қазан мен 11 наурыз аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 704 906 текше метрді құрайды. 13 қазан мен 11 наурыз аралығында құм-тұз аралас қоспаның 25 235 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 486,95 тоннасы шашылды», – делінген «Астана Тазалық» ЖШС-нің хабарламасында.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.