• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2019

Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

910 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада су тасқынына қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Онда су басу қаупі төніп тұрған 34 учаскесі анықталған. Олардың әрқайсысы бойынша жұмыс көлемі мен қажетті қаржыландыру анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана су қоймасының көлемі бақылауда тұр. Бүгін ол 241 млн текше метрді құрайды,  секундына 4 текше метр су ағызылады.

«Біз өткен жылы контрреттегішті тексердік, ол пайдалануға толығымен дайын. Сондай-ақ, Майбалық көлінен Нұра-Есіл каналына дейін ұзындығы 5,4 км арнаны тазарттық. Өзен арнасынан төмен қарай айналып өтіп, тар учаскелерді анықтадық, Газмашаппаратура ауданындағы өзен арнасы ерекше бақылауда», – деді отын энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Игорь Алексеев.

Оның айтуынша, учаске су өткізуге дайын.

Сондай-ақ, Кіші Талдыкөл көлінің маңындағы бөгеттер күшейтілді. Атап айтқанда, бұл жерде 200 метр күшейтілген, Ильинка тұрғын алабы ауданында да бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде.

«600 метр бөгетті күшейту бойынша жұмыстар жүргізу қажет, қазірдің өзінде 300 метрге жуығы күшейтілді, яғни жұмыстар жалғасуда және өз мерзімінде аяқталады», – деді Игорь Алексеев.

Оның айтуынша, негізгі міндет – тұрғын алаптарындағы қарды жою. Жыл басынан 3 млн текше метр қар шығарылды. Ол үшін 642 көлік құралы тартылды.

«ТЖ департаменті су тасқынына қарсы шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда департамент мамандары 5 мыңнан астам ауланы аралап, жадынамалар мен хабарламаларды таратты. Су тасқыны кезеңіндегі іс-қимылдарға департамент және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері қатарынан құралған арнайы топ жұмыс істеуде. 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне қаланың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дайындау мақсатында қаланың коммуналдық қызметтері мен ішкі істер органдарының автокөлік және инженерлік техникасының жеке құрамнан 2137 адам мен 412 бірлік техника жасақталды», – деп түйіндеді ол.