Жұма, 15 маусым 2012 7:25
Кеше Тәжікстандағы Чорух-Дайрон полигонында Шанхай ынтымақтастықұйымының қамқорлығымен лаңкестікке қарсы бірлескен әскерикомандалық-штабтық «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуының шешушікезеңі өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Жұма, 15 маусым 2012 7:25
Кеше Тәжікстандағы Чорух-Дайрон полигонында Шанхай ынтымақтастықұйымының қамқорлығымен лаңкестікке қарсы бірлескен әскерикомандалық-штабтық «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуының шешушікезеңі өтті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Әскерлердің бірлескен топтарының әскери іс-қимылдарының барысын бақылау үшін қытайлық-қырғызстандық, ресейлік және тәжікстандық әріптестерімен бірге, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді.
«Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери құрылымдары қатысты. Коалициялық топ бөлімшелері алдарына қойылған тапсырмаларды орындады. Оқу-жаттығудың басты мақсатына қол жеткізілді: лаңкестікке қарсы бірлескен операцияларды даярлау барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери басқару органдарының алгоритмі жетілдірілді.
Әділбек Жақсыбеков ШЫҰ аясындағы «Бейбіт миссия-2012» оқу-жаттығуы лаңкестікке, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресте ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы күштерінің жігерлілігін, табандылығы мен мүмкіншіліктерін көрсетті. Оқу-жаттығудың барлық мақсаттарына қол жеткізілді, аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ?қарулы күштеріміздің өзара іс-қимыл танытуының деңгейі өсті, деп атап өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстан интеграциялық ойларды дамытудың белсенді жақтаушысы және де ШЫҰ-ның әлеуеті мен беделін арттыруға бағытталған бастамаларын әрқашанда қолдайтындығын баса айтты.
Осы жолғы «Бейбіт миссия» оқу-жаттығуы Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде осымен алтыншы рет өткізілді және табысты аяқталды. Әскерлердің коалициялық топтарының бірлескен оперативті штабы үйлесімділік және бірлескен операцияларды орындаудағы өзара әрекеттесу мәселелерін игеріп, бір-бірлерімен тәжірибе алмасты. Күйзеліс жағдайларды шешу әдістері жетілдіріліп, аймақта қауіпсіздікті орнату мәселелері меңгерілді. Қазақстандық десантшылар мен ұшқыштар өз тапсырмаларын жоғары деңгейде орындады. Интернационалдық әскери топтар бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы кез келген тапсырмаларды орындай алатындықтарын айғақтады.