• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2012

Көрші елдің құрметі

386 рет
көрсетілді

Көрші елдің құрметі

Жұма, 15 маусым 2012 7:30

Қазақ ғалымы Дүкен Мәсімханұлы ШЫҰ-ның халықаралық сыйлығына ие болды­

Таяуда Қытай Халық Респуб­ли­касының астанасы Пекин қала­сында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өткені  белгілі.

 

Жұма, 15 маусым 2012 7:30

Қазақ ғалымы Дүкен Мәсімханұлы ШЫҰ-ның халықаралық сыйлығына ие болды­

Таяуда Қытай Халық Респуб­ли­касының астанасы Пекин қала­сында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өткені  белгілі.

Осы үлкен жиын аясында, ШЫҰ-ның «Жібек жолы: гума­нитарлық ынтымақтас­тық» деп аталатын халықаралық сыйлы­ғы­на ие болғандар Пекиндегі «Ха­­­лық құ­рылтайы сарайында» салтанатты жағдайда марапатталды.

Марапат иелеріне сыйлықты Қытай үкіметі мен ШЫҰ атынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мү­ше­­сі Дай Биңго және Тә­жікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон табыс етті.

«Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақ­тастық» сыйлығы – тарихи ұлы «Жібек жолының» дәс­түрлі «бейбітшілік, тату көр­ші­лік, ынтымақтастық» рухын сәу­лелен­діріп, «Жібек жолы» бой­ын­­­дағы елдердің дос­тығын, ын­ты­­­мақтастығын нығайтуға, ШЫҰ-ға мүше елдер арасын­да­ғы рухани байланыстарды терең­дету мен достықты нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген қы­тайлық және шетелдік тұлға­лар­ға бері­ле­тін халықаралық сый­лық. Бұл жолы оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің саясат, әде­биет, өнер салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көрнекті өкілдері ие болды. Қ­а­зақстаннан ақын, аудармашы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қы­тай тілі кафе­дра­сы­ның меңге­рушісі, филология ғы­лым­да­ры­ның док­торы, профессор, ха­лық­аралық «Алаш» әдеби сый­лы­ғының иегері Дүкен Мә­­­сімхан­ұлы марапатталған болса, Ресейден көр­нек­ті өнер қайрат­кері, КСРО халық артисі, «Ре­сей-Қытай қарым-қатынасының 60 жыл­дығына еңбегі сіңген қай­раткер» Мира Кольцова, ал Ас­панасты елінің өзі­нен көрнекті түрколог-ғалым, профессор Ху Чжэнхуа, Тәжікстаннан осы ел­дің ҚХР-дағы төтенше және өкі­­­­­лет­ті елшісі Рашид Алимов, Өз­бекстаннан мәдениет қайрат­кері Гүлнар Кәрімова, Қырғыз­стан­нан мем­лекет және қоғам қай­рат­кері Сұлтан Раев ие болды.

Марапаттау рәсіміндегі құт­тықтау сө­зін­де ҚХР «Бейбітшілік сапары» мәдени байланыстар ор­талығының президенті, ШЫҰ бұ­рынғы бас хатшысы Чжаң Дэгуан мырза: «Қазақстандық ғалым Дүкен Мәсімханұ­лы­на бұл сый­лық оның Қазақ еліндегі қытай әдебиетін аудару мен зерттеу саласындағы елеулі еңбегі үшін, сон­дай-ақ Қазақстан үшін көп­те­ген қытай­танушы мамандар тәр­биелеп, екі ел хал­қының достығы мен түсіністігін нығай­туға қос­қан қомақты үлесі үшін беріліп отыр», – деді.

Марапаттау шарасының соңы ШЫҰ елдерінен келген қылқа­­лам шеберлерінің «Тату көрші» атты көркемсурет көрмесіне ұласты.

«Егемен-ақпарат».