• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2012

Туризм жағдайы талқыланды

463 рет
көрсетілді

Туризм жағдайы талқыланды

Сенбі, 16 маусым 2012 6:43

12-13 маусымда Мадрид қаласында Қазақстан Республикасының елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Бақыт Дүйсенбаев ДТҰ-ның Атқарушы кеңесінің 93-ші сессиясына қатысты.

Ұйымға мүше елдердің делегацияларынан басқа, сессия жұмысына Асту­рия ханзадасы Фелипе және Испания­­­ның Индустрия, энергетика және туризм министрі Хосе Мануэль Сория қатысты.

Сессияның шеңберінде туризм саласындағы қазіргі ахуал ортаға салынды. Делегаттар алдында сөй­леген сөзінде ДТҰ-ның Бас хатшысы Талеб Рифаи Таяу Шығыстағы оқиғалар және Тынық мұхит өңі­ріндегі табиғи апаттарға қарамас­тан, былтырғы ха­лықаралық ту­ристік сапарлардың саны жағынан орын алған оң өзге­­ріс­терге назар аударды. Сонымен қатар, БҰҰ ДТҰ-ның Бас хатшысы қаты­сушыларды туризмді ғаламдық күн тәртібіне енгізу және БҰҰ жүйе­сін­дегі ұй­ымдармен ынтымақтастықты жүр­гі­зу бойынша жасалған жұмыс туралы ақпараттандырды.

Сессияның қорытындылары бойынша, ДТҰ Атқарушы кеңесінің ке­лесі 94-ші сессиясын 2012 жылдың күзінде Мексикада өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар