Жұма, 20 шілде 2012 7:29
Сириядағы жағдай барған сайын шиеленісіп барады. Ел астанасы Дамаскінің кейбір аудандары көтерілісшілер бақылауында. Халықаралық Қызыл Крест қоғамы бұл елде азамат соғысы жүріп жатыр деген мәлімдеме жасап та жіберді.
Осы аптаның басында Ресей президенті Владимир Путин Кремльде осында арнайы келген БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің және Араб мемлекеттері лигасының арнаулы өкілі Кофи Аннан басқарған делегацияны қабылдап, келіссөз жүргізді. Кездесуді аша отырып, президент Путин Ресейдің әуел бастан Кофи Аннанның Сирия жөніндегі жоспарын қолдағанын еске салып: «Сіздің миссияңызды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға сізді сендіргім келеді», – деді.

Президент айтқан соң, сенбеске болмас, алдағы уақытта солай болып жатса, құба-құп-ақ. Ал бүгінге дейін Кофи Аннан жоспарының жүзеге асуына басты кедергі болған Ресей екені де шындық. Оған бүкіл әлем куә. РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың талай мәлімдемесі куә. Ресей тарапынан Башар Асадқа қолдау жасалып келгенін жоққа шығаратын адамды табу қиын шығар.Ресми хабарларға қарағанда, Путиннің мәлімдемесіне жауап ретінде өз кезегінде Кофи Аннан Сириядағы трагедия сияқты аса қасіретті жағдайға байланысты Мәскеуге тағы да келуге мәжбүр болғанына өкініш білдірген. Ол Сирия дағдарысы қыл үстінде тұрғанын атап көрсеткен. Рас, кездесуден кейін баспасөз мәслихатында Кофи Аннан журналистер алдында Путинмен келіссөзді жемісті болды деп сипаттады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдағы болатын мәжілісінде оған қатысушылардың барлық жақтың да көңілінен шығатын тұжырым жасайтынына үміттенетінін білдірді. Сол үміттің ақталуы қиын-ау.Сириядағы шиеленіс шешімін табу үшін ең алдымен осы мәселеге қатысты халықаралық қоғамдастық ортақ тіл табысуы керек-ақ еді. Бүгінге дейін олай болмай келді. БҰҰ-ның бастамашылығына Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Ресей мен Қытай үнемі қарсы шығып, Сирия басшылығының қолтығына су бүркіп, оның жосықсыз әрекеттерге баруына жағдай жасап келді. Кофи Аннан мен Владимир Путиннің келіссөзі, онда жасалған мәлімдемелер халықаралық қауымдастықтағы тіл табысуға жеткізуі мүмкін-ау дейсің. Онсыз Сирия шиеленісінің тірелетін жері – апат.Ал Сириядағы жағдай, Кофи Аннан айтқандай, қыл үстінде тұр. Көтерілісшілер белсенді әрекеттерге көшіп отыр. «Сирия азат ету армиясы» басшыларының мәлімдемелеріне қарағанда, ел астанасын азат ету операциясы басталған. Оның «Дамаск» жанартауы және сириялық жер сілкінісі» деген атауға ие болып, бұқаралық сипат алғаны хабарланды. Қалада көтерілісшілердің 50-дей қаруланған тобы әрекет ететін көрінеді. Солардың жасаған әрекеттерінен күні кеше Сирия қорғаныс министрі Дауд Раджиха және басқа лауазымды адамдар қаза тапты. Ал ресми биліктегілердің мәлімдеулері бұған мүлде қарама-қарсы – көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, жаппай беріліп жатқанға ұқсайды. Екі жақтың сөздеріне жартылай сенген күннің өзінде де қалыптасып отырған жағдай өте күрделі.Мұндай жағдайдан шығатын жол – алдымен араағайындыққа жүргендердің мәмілеге келуі. Сол мәмілеге қол жетпей отыр. Әзірге сөз басқа, іс басқа.
Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».