• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2019

70 кг-ға жуық махоркамен қырғыз азаматы ұсталды

1066 рет
көрсетілді

Қордай шекара отрядына қарасты «Қарасу-авто» өткізу бөлімшесінде «Мерседес Бенц» автокөлігімен біздің елге қарай кірмек болған 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Оның ұсталуына автокөлікті тексеру барысында табылған жалпы салмағы 70 килограмға жуық темекі өнімі (махорка) себеп болды. Ешқандай рұқсат құжаты жоқ жүк актіленіп, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды» делінген хабарламада.