• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2019

Әлемдегі ең үздік бапкерлер

931 рет
көрсетілді

Әйгілі France Football журналы әлемдегі ең үздік 50 бапкердің тізімін жасады. Атағы алысқа жайылған жаттықтырушылар көшін голландиялық Ринус Михелс бастап тұр.

Ұзақ жылдар «Аякс» пен «Барселона» және басқа да клубтарды баптаған ол көптеген толағай табыстарға қол жеткізді. Өзі жетекшілік еткен командаларды үнемі өрге сүйреп, талай дүбірлі додаларда дараланды. 1988 жылғы Еуропа чемпионатында Голландия футболшылары финалда КСРО құрамасын ұтып, айтулы жарыстың бас жүлдені олжалаған кезде дәл осы Ринус Михелс жеңімпаздар командасына жетекшілік еткен еді.  

Әлемдегі ең білікті бапкерлердің үздік ондығына Алекс Фергюсон, Ариго Сакки, Йохан Кройф, Хосеп Гвардиола, Валерий Лобановский, Эленио Эррера, Карло Анчелотти, Эрнст Хаппель және Билл Шенкли сынды майталмандар енді.

Ал 11-50 орындар мына бапкерлерге бұйырған екен:  Мэтт Басби, Джованни Трапаттони, Жозе Моуринью, Мигель Муньос, Брайан Кло, Марчелло Липпи, Нерио Рокко, Луи ван Гал, Оттмар Хитцфельд, Белла Гуттман, Фабио Капелло, Зинедин Зидан, Виктор Маслов, Херберт Чапман, Юпп Хайнкес, Боб Пэйсли, Юрген Клопп, Альберт Батте, Гус Хиддинк, Удо Латтек, Диего Симеоне, Арсен Венгер, Висенте Дель Боске, Джок Стейн, Теле Сантана, Вик Букингэм, Хеннес Вейсвеллер, Бобби Робсон, Диттмар Крамер, Мирча Луческу, Томислав Ивич, Стефан Ковач, Луис Арагонес, Франк Райкард, Отто Рехагель, Раймонд Готалс, Марсело Бьелса, Антонио Конте және Жан-Клод Садю.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»