• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2019

«ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды

1058 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге арналған «ARUANA» атты Қазақстан әйелдерінің құрылтайы құрылды. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәжілісі кезінде бірлестіктің ұйымдастырушылары мәлімдеді.

«ARUANA» Қазақстан әйелдерінің құрылтайы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін құрудағы мақсат – әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешу мақсатында әйелдер бастамаларын шоғырландыру  болып отыр.

«Соңғы айдағы оқиғалар  республикамызда әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелеріне жалпы талдау жүргізіп, басқа ұйымдарымен дәнекер ретінде жүйелі түрде жұмыс жасайтын ұйымның жоқтығын ашып көрсетті. Қазақстан тарихында мұндай бірлестіктерді құру туралы бір-екі рет ұмтылыс жасалды, алайда бастамадан ары жұмыс жүрген жоқ. Сондықтан да біз Құрылтайды құруды шештік және әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешумен айналысып жүрген барлық қазақстандық ұйымдарды ортақ күш біріктіруге шақырып отырмыз! Әйелдердің сөзі күшті әрі сенімді түрде шығуы керек», – деді баспасөз мәжілісінің ашылуында «Ihlas Jurek» қоғамдық қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Тоғжан Қожалиева,

«ARUANA» Қазақстан әйелдері құрылтайы алдымен әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы әйелдер арасындағы  ең өзекті деген 10-15 мәселені анықтап алады.

Алдымен отбасы және әйелдердің мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларға талдау жасалады. Осыдан кейін жалпы шешімдер қабылданып, ретімен жүзеге асады.  

Бірінші кезекте әйелдерге арналған барлық ҮЕҰ анықтамалық кітабын дайындап шығару да көзделген.

Сондай-ақ әйелдердің, отбасылар мен балалардың мәселелерін шешуге арналған қолданыстағы бағдарламалар жөнінде, әйелдер құқығы, білім беру және әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде кеңес беретін орталықтарды ұйымдастыру қарасырылған.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ