• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2019

«Қазақ аруы-2019» белгілі болды

1822 рет
көрсетілді

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» ұлттық байқауының финалдық кезеңі өтті. 

Сұлулығы мен ақылы, өнері мен өрілген өрімі келіскен арулар 3 кезеңде сынға түсті: шығармашылық, зияткерлік және отандық дизайнерлердің киімімен сән қойылымын көрсету.  

Биыл байқауға әр облыстан 18 қыз қатысты. Сол арулардың қатарынан «Қазақ аруы-2019» атағына өнерімен де, өлеңімен ерекшеленген павлодарлық Сәния Темірханова ие болды. Бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова еншілесе, ал екінші орынды Астананың намысын қорғаған Анна Вайдурова алды. Ал үшінші орын Павлодар облысының тағы бір қатысушысы Сая Тұрсынбековаға бұйырды.

Байқау кезінде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жеңімпаз атанған Сәния Темірханова ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жарысты. Жүргізушілер оған кітаптың кез келген жерінен өлеңнің басын оқып, жалғастыруын талап етті. Сәния тіпті көрермендер арасынан оқылған өлеңдерді де мүдірмей жалғастырып әкетті. Сонымен қатар кеш барысында әуелетіп ән салып, мың бұралып билеген арулар да болды.

Қыздарға өзінің әділ бағасын қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Ерік Жолжақсынов, Баян Алагөзова, Қарақат Әбілдина, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова берді.

Кеш соңында «Қазақ аруы-2018» атанған Нәбира Рақымжанқызы өзінің тәжін «Қазақ аруы-2019» титулын иеленген Сәния Темірхановаға табыстады.