• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2019

«Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» испандық кәсіпорынмен келісімге келді

958 рет
көрсетілді

Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» мен испандық кәсіпорын «Risen Energy Spain S.L.U» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Қол қойылған келісімге сәйкес, испандық компания қауымдастық мүшелерімен жаңартылатын энергия саласында жинақтаған білімімен, озық тәжірибесімен алмасуда көмек көрсетуге дайын, Қауымдастық өз тарапынан  «Risen Energy Spain» кәсіпорнына Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия нарығына кіруіне көмектесуге дайын.

Делегацияны ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев басқарды, оның негізгі ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ болды. Форумды ұйымдастыруда испандық тараптан Испанияның кәсіпкерлік ұйымдар конфедерациясы мен Испанияның Сауда палатасы көмек көрсетті.

Форумның негізгі міндеті инфрақұрылым, логистика, сандық жүйеге көшіру және телебайланыс, сондай-ақ жасыл энергетика сияқты экономиканың басым салаларына тікелей шетелдік инвестицияларды кеңейту үшін Қазақстанның инвестициялық климаты мен әлеуетін ұсыну болды.

Қазақстандық уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері испандық бизнес-аудиторияға Қазақстан экономикасына инвестициялық мүмкіндіктердің өзекті жағдайын және инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын ұсынды, ал бизнес-қауымдастық өкілдері өздерінің табысты іске асырылған кейстарын және инвесторлардың қатысуына дайын жобаларын таныстырды.

Форумның екі күндік мазмұнды бағдарламасы қазақстандық делегация мүшелеріне екі жақты тиімді кездесулер өткізу мүмкіндігін берді. 100-ден астам әлеуетті компания- инвесторлар тікелей сындарлы сұхбаттарға қатысты. Кездесулер қатысушыларының қатарына құрамына елдің ЖІӨ-нің 20% -нан астамын және шет елге бөлінген инвестициялардың 50%-ын ұсынатын испандық ірі компаниялар мен банктерді  қамтитын Испандық экспортшылар мен инвесторлар клубының мүшелері кірді. Гүлбаршын САБАЕВА,

«Еqemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ