• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2019

Жүрегіміздің қағанына айналды – Тимур Кожаоғлу

967 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күні бүгінге дейін жасаған маңызды бастамалары арқылы ең алдымен Түркі мемлекеттері басшыларына, тіпті жер бетіндегі өзге де елдерге демократия дәрісін беруді жалғастыруда.

Былтыр Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенттік басқару формасынан Парламенттік басқаруға көшетінін мәлімдеген болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев - тарихта аты мәңгі қалатын Ұлы көшбасшы! Ол өзінің халқына, Қазақ ұлысына сенеді! Мұндай сенім басқа басшыларда сирек кездеседі, барлығы «Мен болмасам елдің болашағы бұлыңғыр» деп билікте барынша ұзақ қалуға тырысып, сансыз амал жасайды. Өз басым Ұлы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевқа тік тұрып құрмет көрсетемін. Ол Президенттік қызметтен кеткенімен, Түркі тарихындағы Ұлы көшбасшылардың бірі ретінде тарихқа есімін алтын әріптермен жаздырды, көңілімізге тақ құрып, жүрегіміздің қағанына айналды.

Тимур КОЖАОҒЛУ,

Мичиган университетінің профессоры, АҚШ