Үкімет Қаулысымен Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2012–2013 жылдары АШМ Инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған. 2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.
2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген. 2017 жылдың шілде айынан бастап Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған. 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың ақпаны аралығында - «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы.