Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы мен министрлік қызметінің стратегиялық бағыттары туралы мәлімделді.
Н.Ермекбаев Қазақстан Президентіне армияның қорғаныс қабілетін арттыру және әскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.