• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Қыркүйек, 2012

Шарайна

252 рет
көрсетілді

Шарайна

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 7:59

Бай байға құяды

Әлемдегі миллиардерлердің барлық қаражаты бір жылда 14 пайызғаартып, 6,2 трлн. долларды құ­ра­ған. Бұл туралы олардың барлықелдердегі активтері мен қаражаттық ақпараттарын зерттеуменайналысатын Х-Wealth компаниясы жариялады.

 

Сейсенбі, 18 қыркүйек 2012 7:59

Бай байға құяды

Әлемдегі миллиардерлердің барлық қаражаты бір жылда 14 пайызғаартып, 6,2 трлн. долларды құ­ра­ған. Бұл туралы олардың барлықелдердегі активтері мен қаражаттық ақпараттарын зерттеуменайналысатын Х-Wealth компаниясы жариялады.

Зерттеу жұмыстары 2011 жылдың 31 шілдесі мен 2012 жылдың 31 шілдесі аралығында жүргізілген. Осы уақытта олардың саны 9,4 пайызға артып, 2160 адамға жетіпті. Бір қызығы, осы уақыт аралығында 200 млн.-нан бастап 999 млн. долларға дейінгі байлығы бар адамдардың барлық қаражаты 11,4 пайызға төмендеген.

 

Абайға «қызмет» етіп жатыр

Мәскеудің «Чистопрудный»бульварындағы Абайескерткішінің қасында өкіметкеқарсылардың тағы бір үлкентобы жиналды. Олардың митингөткізуіне 15 қыркүйекке санкцияберілген.

Бірақ көптеген адамдар Абай ескерткішінің жанын місе тұтпай, «Ескі алаңдағы» президент әкім­шілігіне дейін көшемен барып, шеру жасамақ болған. Бұл шеруді заң­сыз деп таныған полиция оны ұйым­дастырушылар арасынан 20 белсендіні тұтқынға алды. Айта кетерлік жәйт, осындай шулардың арқасында мәскеуліктерге Абай­дың есімі бұрынғыдан гөрі танымал бола түсті. Жуырда Мәс­кеуде 3 мың данамен басылып, дүкенге қойылған ақынның орыс тілін­дегі жинағы лезде сатылып кетіпті.

 

Әділсот әділдіктен айнымады

Ташкенттің қалалық соты ресейлік МТС операторының өзбекстандықеншілес кәсіпорны – «УзДунорбита» компаниясының мүлкі мемлекеттіңкіріс бөлігіне қабылдансын деген үкім шығарды. Сөйтіп, көп уақыттанбергі дауға нүкте қойылды.

Өзбекстан жерінде қызмет еткен МТС-тің еншілес кәсіпорнына 20 млн. долларға жуық салықтан жалтарған деген айып тағылған болатын. Фирманың Ресейдегі басты компаниясы өзінің филиалын әділсоттан аман алып қалуға қанша күш жұмсаса да, өзбектің сот билігі қайыспады. Үкімде компания жұмысын жүргізген 4 топ-менеджерге 3 жылдан шартты жаза да қоса берілген.

 Қысқа қайырып айтқанда:

 Атақты психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің Минск қаласындағыбірнеше орында халықпен өткізбек болған сеанстарын жергілікті билікөткізбей тастады. Оның себебі туралы ақпараттық құрылымдар әзіргеешнәрсе біле алмай отыр.

  Латвияның Бауск қаласында СС-тің полицейлік батальонындақызмет еткендерге ескерткіш орнатылды. Онда «Бауск қаласын кеңес басқыншыларынан қорғаушыларға» деген жазу бар.

 Америка Жапония аумағында 2-ші зымырандық қорғаныс радарын орнатпақшы болып отыр. Ол КХДР-дан ұшырылған зымырандарды залалсыздандырады деген себеп айтылуда.

 Мәскеу мен Тбилисидің арасында жылымық оты оянған секілді. Ресей тарапы Грузияның сұрауы бойынша қылмысы үшін іздестірілу жарияланған Б.Бакуридзе есімді «заңдас­тырылған ұрыны» қайтарды.

 Ауған полициясының қызметкері Забул провинциясының аумағында жексенбі күні НАТО-ның 4 жауынгерін атып өлтіріп, 2-ін ауыр жаралаған. Бұған НАТО шабуылынан бейбіт тұр­ғындардың қаза табуы себеп болған секілді.

 

Біреудің кесірі біреуге тиді

Ливияда Америка елшісі өлтірілгеннен кейін 50 адам күдікті ретінде тұтқынға алынды. Олардың арасында Мали, Алжир азаматтары бар. Тергеу барысына қарағанда, қылмыс шетелде ұзақ уақыт дайындалып, осы елдің аумағына сырттан енгізілгендердің күшімен жасалған.

Еске сала кететін болсақ, 11 қыркүйекте Бенгази қаласында Америка елшісі гранатаметтен атылған оқтан өлтірілген болатын. Оның себебі Америкада радикал-еврейлердің мұсылмандарды келемеждеп түсірген «Мұсылмандардың күнәсіздігі» атты фильм еді. Осы фильмге наразы болған мұсылмандар көптеген мемлекеттерде де қарсылық акцияларын жасап жатыр.

 

Текетірес туып кетпесе игі

Жапония мен Қытай арасындағы Синкоку атты шағын арал жақын арадағы үлкен халықаралық текетірестің басы болып кетпесе екен деген қауіп туып тұр. Өйткені, осы аралға Қытай жағының бір мыңға жуық балықшы кемелері жол тартқан.

Мұндай «зорлыққа» оңай көне кететін Жапония емес, ол барлық кемелердің капитандары талас ау­маққа енетін болса, тұтқынға алынатынын мәлімдеді. Бұл іске елдің қорғаныс қуаты қолданылады де­лін­ген онда. Ал Қытай жағы болса, осы аумақта тұрған елдің 6 пат­рульдік кемесі өз азаматтарын қор­ғайтын болады деп жариялады.

 

Көршілер бірін-бірі айыптауда

Чехияда спирттік ішімдіктер арқылы метанолдан 20 адам уланған еді. Соның кесірінен Польша чехтың алкогольдік ішімдіктерін сатуға тыйым салған болатын.

Енді «еруліге – қарулы» деп чех тарапы метанолдан уланудың ошағы Польшада деп жариялады. «Барлық қауіп чех ішімдігі деп Польшада жасалған жасанды арақтан тарап отыр», деген айып айтылған. Мұндай айыпты Польша полициясы қолдан жасалған қауесет деп бағалап, керісінше, чех тарапынан контрабандалық жолмен келетін алкогольдік ішімдіктерден сақтаныңыздар деп өз халқына жариялады. Даудың ақыры немен тынары белгісіз.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.