Қордай шекара отрядының «Сортөбе-авто» бөлімшесінде Қырғыз Республикасына қарай велосипедпен өтіп бара жатқан 60 жастағы қазақстандық ұсталды. Ол өзімен бірге 30 литр «АИ-92» бензинін ала шықпақшы болыпты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қордайлық шекарашылар өткен тәуліктерде «Сортөбе» және «Қарасу авто» бөлімшелерінде 148 литрден астам бензин және 700 литр дизель отынын елден заңсыз жолмен шығаруға тосқауыл қойды» делінген хабарламада.