• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

1131 рет
көрсетілді

Еуропалық одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату шешіміне орай пікір білдірді. 

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайында білдік. Ол Қазақстанның Президенті болған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конс­титуциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Прези­дент Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөлге ие болды»,  деді  М.Косьянчич. Сонымен қатар ол  Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды өңір болып қала беретіндігін баса айтты. «Еуропалық одақ үшін  өңірдегі маңызды серіктес болып қала беретін Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропалық одақ Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады», деді ол.