• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2019

Бұл жолы да биіктен көрінді

994 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін тапсыру туралы мәлімдемесі – биыл­­ғы басты саяси сенсация. Мем­лекет басшысының мұн­дай шешімін күтпеген қазақ­стан­дықтардың жағдайын жақсы түсінемін. Өйткені көпшілік Назарбаевтың президент­тік билігін адамзаттың мүмкінші­лігі жетпейтін биіктік ретінде есептейтін еді.

Алайда Назарбаев өз жағ­дайына өзі ие екенін көрсетіп, сая­­сат­тың алыбы екенін дәлел­деді. Ол ешқандай қиындық тудыр­май, орнынан кетті. Енді өз еркімен биліктен кеткен соң, Қазақстан басшысының кемеңгер болғанын толық сеніммен айта аламыз. Әлемде оны сынағандар аз болған жоқ. Бірақ Назарбаев Қазақстанды қиын кезеңнен алып өтіп, халықаралық қоғамдастық құрметтеп, сыйлайтын мемлекетке айналдырып, оң имиджін қа­лып­тастырды. Бұл орасан ерлік. 

Сондықтан өз бағасын беру қажет. Назарбаев кәнігі саясаткер ғана емес, кемеңгер адам екенін де көрсетті. Шындығында, бұл ең қиын мәселе болатын. Әсіресе 30 жыл бойы саясатта жүрген тұлға үшін де. Бұл жолы да Назар­баев биіктен көрінді. Ол қоғам күткен өзгерісті жасайтын уақытты дәл таба білді. 

Иә, кей жағынан алғанда ол Борис Ельциннің әрекетін қай­­та­лады деуге болар. Бірақ одан айыр­машылығы Нұрсұл­тан Әбішұлы шынайылық­тың кел­бе­тін көрсете білді. Бұл өте дұрыс қадам болды. Оның үстіне, Н.Наза­р­баев өзінің денсаулығы мық­ты екені­не қарамастан, осын­­дай шешім қа­былдады. Қыс­­қаша айтқанда, ол тарихта қалу үшін кетті деуге болады. Ұлт көшбасшысы ғана емес, Қауіп­сіздік Кеңесінің басшысы ретінде қызметін жалғастырады. Осы орайда, Қазақстан тарихында есімін алтын әріппен жазу үшін орнын босатты.

Ендігі жерде Назарбаевтың жолы басқаша өрбиді. Бұл тарих­тың өзгермес дерегі. Алай­да бір нәрсе анық. Тәуелсіз Қазақ­стан­ның ауыр жүгі оның мойнынан түспек емес. Өз кезегінде Н.Назар­баев Елбасы  ретінде ұзақ әрі табыс­ты жолын жалғастыра береді. 

Осмонакун ИБРАИМОВ,

профессор, Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткері