• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Наурыз, 2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

963 рет
көрсетілді

Жетісу кәсіпкерлерінің көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған әулеттерге көмек қолын созып, баспана кілтін тапсырған жайында бұған дейін жазған едік. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында қайырым жасаудың кезегі талдықорғандық іскер азаматқа тиді.

Облыс орталығындағы «Статус» ойын-сауықтық кешенінің директоры Асқар Біләлов Талдықорған қаласының тұрғыны Индира Қарабековаға үш бөлмелі пәтер сатып алып берді.

- Қарабековтер жанұясын біраз уақыттан бері білемін. Бұған дейін азық-түлік себеттері түрінде қайырымдылық көрсеткенбіз. Үйлеріне келген сайын лайықты өмір сүруге жағдай жасалмағанын байқайтынмын. Сондықтан Наурыз мерекесі қарсаңында осындай сыйлық жасауды шештік, - дейді кәсіпкер.

Сегіз баласы бар Индира Қарабекова бұған дейін саяжайдан пәтер жалдап тұрып келген. Кәсіпкер Асқар Біләлов бұл отбасына үнемі қол ұшып беріп жүреді екен. Ал 3 бөлмелі үйдің кілтін сыйға алғаны күтпеген қуаныш болды. Кәсіпкер пәтірді толық жөндеп, керекті жиһаздарын да сатып алып беріпті.

- Біздің жеке үйіміз болады деп армандайтынбыз. Бірақ бұл арманымыз осыншама жылдам орындалады деп ойламаппын. Асқардың жасаған жақсылығы үшін алғыс білдіремін. Бүгін біздің өміріміз күрт өзгерді, - дейді көпбалалы ана Индира.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы