• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

1656 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлыстың Ұлы күніне орай Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесіндегі «Атшабар» скверіндегі абаттандыру жұмыстары аяқталып, «Жастар аллеясы» болып қайта ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қатысты.

Аталған саябақта «Ұлы дала ұландары» стелласы, «Білім» алаңы, «Jastar» қабілет орталығы, «Кітап» ескерткіші және «Сахна» алаңшасы бар. Аталған жобалар облыс әкімінің тапсырмасымен қысқа мерзім ішінде пайдалануға беріліп отыр. Аллея аумағы ретке келтіріліп, қазіргі кезде қала тұрғындары мен жастардың серуендейтін орталығына айналды. Сонымен қатар, мұнда «Wi-fi» желісімен қамтамасыз етілген заманауи орындықтар қойылған.    Жаңа ашылған «Жастар» аллеясындағы «Махаббат» бұрышы да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл жерге өзара айқасып тұрған қос неке сақинасы бедерленген төрт заманауи субұрқақтар орнатылып, оның ортасына аққу құсы бейнеленген композиция қойылған. Аллеяның ұзындығы 840 метр болса, жалпы аумағы 6 гектар. Ал аллеяға қойылған LED экран саябақтың көркін арттырып тұр. Бұдан былай жаңа орталықта түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып тұрады.

 Хамит Есаман,  «Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы