• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Наурыз, 2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

913 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. 

Қазақстан құрама командасы «Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде шотландиялық қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Сол арқылы 3 ұпаймен «I» тобының көшін бастады. Енді ұлттық құрама 24 наурыз күні елордада Ресей командасына қарсы екінші кездесуін өткізеді.