• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2012

Әкесінің қылмысын қызы айыптайды

272 рет
көрсетілді

Әкесінің қылмысын қызы айыптайды

Жұма, 28 қыркүйек 2012 6:55

Оңтүстік Кореяда (ресми атауы – Корея Республикасы) биыл сайлау өтеді. Президенттіктен үміткердің бірі Пак Кын Хе – биліктегі «Сэнуру» партиясының өкілі. Оның басты ерекшелігі – ол елді 1961-1978 жылдарда билеген диктатор Пак Чон Хидің қызы.

 

Жұма, 28 қыркүйек 2012 6:55

Оңтүстік Кореяда (ресми атауы – Корея Республикасы) биыл сайлау өтеді. Президенттіктен үміткердің бірі Пак Кын Хе – биліктегі «Сэнуру» партиясының өкілі. Оның басты ерекшелігі – ол елді 1961-1978 жылдарда билеген диктатор Пак Чон Хидің қызы.

Бұл ерекшелік билік үшін күресте оған көмектесе ме, жоқ зиянын тигізе ме? Біраз елде айтулы қайраткерлердің, билік тіз­гінін ұстаған тұлғалардың балалары (көбіне қыздары), бір жағы әке беделі көмегімен де, жеңіске жетіп жатады. Ал Пак Кын Хэ үшін бүкіл әлемге айтулы диктатор ретінде белгілі болған әкесінің орны қандай болмақ дегенде, сарапшылардың пікірі әр­түрлі: біреулері көмек­теседі десе, екіншілері қарсы пікірді қол­дайды.Сірә, үміткер оны қалай пайдалана біледі деген үшінші пікір­дің қисыны көптеу-ау. Ал Пак Кын Хэ осы жолға айрықша мән беріп отыр. Ол жақында ғана арнаулы баспасөз жиынын өткізіп, өзінің әкесінің билігі жайында мәлімдеме жасады. Және ол халық арасында үлкен пікір тудырды. «Үкіметтің заңға сыйымсыз әрекеттерінен жапа шеккен­дердің барлығынан, олардың жа­қын туыстарынан басымды иіп тұрып кешірім сұраймын», деді ол. Әкесі қолданған қатаң тәртіп әдісін елдің экономикалық та­быс­­­тарымен ақтауға болмайтынын айтты.Осы жерде генерал Пак Чон Хи туралы айта кеткен жөн болар. Ол 1961 жылы мемлекеттік төңкеріс жолымен билікке келген. Қатаң билік-әкімшілік бас­қару жүйесін орнықтырып, елдің экономикасын күрт көтеріп, бү­кіл әлем таныған Корея Рес­публикасының одан әрі дамуына жол ашты деп есептеледі. Біреу­лер оның осынау қатқыл тәртібі елдің әлемдегі орнын биікке көтерді деп бағаласа да, қалып­тасқан билік тәртібіне халық қарсылығы күшті болды. Тіпті президент-генералдың өзіне бір­н­еше рет қастандық та жасалды. Ақыры соның бірінен 1979 жылы қаза тапты.Қандай да болса, әкені айыптау оңай емес. Ал ол саяси ұпай жинау үшін жасалар болса, онша жарасымды да іс емес. Пак Кын Хэнің партияластары да, тіпті бүгінгі күрестегі қарсыластары да оның бұл қадамын құптап отыр. Ал диктатордың құрбаны болғандардың туыстары мұны үміткердің шын ниеті емес, саяси мүддесі үшін жасалған қадам дейді.Ал жалпы халық қалай баға­лайды? Әкесінің қаталдығын айыптаса, демократ болғаны дер ме екен, жоқ билікке жету үшін әкесінің әруағына тиісуден де тайынбайтын адам ғой дер ме екен, оны алдағы президенттік сайлау көрсетеді.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».