• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қазан, 2012

Ассамблея алаңдарындағы іс-шаралар ауқымы кең

383 рет
көрсетілді

Ассамблея алаңдарындағы іс-шаралар ауқымы кең

Сейсенбі, 2 қазан 2012 6:40

Қазақстан Республикасының делегациясы Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясының іс-шараларына қатысуын жалғастыруда.

 

Сейсенбі, 2 қазан 2012 6:40

Қазақстан Республикасының делегациясы Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясының іс-шараларына қатысуын жалғастыруда.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер топтарының 11-ші ми­нистрлік кездесуінде сөз сөйледі. 2003 жылы қабылданған Алматы іс-шара бағдар­ламасын іске асыру жұмысында айтарлық­тай ілгерілеушілік бар екені қанағатпен атап өтілді. Теңізге шығар жолы жоқ елдердің мүдделерін шынымен қорғайтын, заңды түрде міндеттейтін жаһандық және аймақтық құралдарды жасап шығару мен қабылдау қажеттігі атап көрсетілді.

Қазақстандық вице-министр сондай-ақ өз сөзінде Қазақстан автомобиль және те­міржол көліктерін жаңғырту, көлік сала­­сындағы құжат айналымын автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Еліміздің еуразиялық көлік ин­фрақұрылымын дамытуға және, сәйке­сін­ше, теңізге шығар жолы жоқ аймақ елде­рінің транзиттік-көліктік, сонымен қатар, сауда-экспорттық әлеуетін дамытуға ба­рын­­ша үлес қосуға ниетті екені де айтылды.

БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен ұйымдастырылған тағам саласындағы қыз­мет ауқымын кеңейту жөніндегі жо­ғары деңгейдегі кездесуде ашаршылық­пен күрес және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырыл­ды. Қазақстандық делегация өкілінің сөйлеген сөзінде ел Үкіметінің халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, азық-түлік қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз етуге, аграрлық секторды дамытуға, «Саламатты Қазақ­стан» денсау­лық сақтау бағдарламасын жүзеге асыруға салып отырған күш-жі­гері аталды. Бидай және ұн өнімдерін өн­діру мен экспорттау бойынша әлемнің ал­дыңғы қатарлы елі болып саналатын Қазақстанның жаһандық азық-түлік қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға атсалысып келе жатқаны атап көрсетілді.

Бас Ассамблея сессиясы алаңдарында қазақстандық делегация бірқатар екі­жақ­­ты кездесулер мен консультациялар өт­кі­зіп, онда ынтымақтастықтың өзекті мә­се­лелері, сонымен қатар, «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізуге Астана кандидатурасын ілгерілету болашағы талқыға салынды. Сондай-ақ, еліміз делегациясы Түркітілдес мемлекеттер ынты­мақ­тастығы кеңесіне, АҚШ сыртқы саясат ассоциациясы көшбасшыларының форумына қатысты.

«Егемен-ақпарат».