Қазақ елі монументінің алдындағы алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды, асық атудан, гір көтеруден, арқан тартыстан және ұлттық ойындардың басқа да түрлерінен жарыстар өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, алаңда қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, елорда тұрғындары мен қонақтары Наурыз-көжеден, палау мен ыстық бауырсақтан дәм татты. Шығармашылық ұжымдар шара қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.