«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елордамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуына қатысты пікір білдірді.
«Бүгін ел Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер енгізу туралы» Заңға және елорда атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Осынау тарихи шешім біздің жас елордамыздың дамуының жаңа кезеңін ашады. Еліміздің бас қаласында табыстар мен одан ары гүлдену тілейміз», - деп жазды Мәулен Әшімбаев Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды.