• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

760 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат ми­нис­тр­лігінде Женева қаласында Нәсіл­дік кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы халықаралық тұжы­рым­даманы жүзеге асыру бағы­тын­да Қазақстан дайындаған 4 және 5 бірлескен есеп беру баян­дамасын қорғау қоры­тын­ды­сына арналған баспасөз мәслихаты ұйымдас­ты­рыл­ды. Женевадағы аталған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Адам құқықтары туралы ұлттық орталықтың, Сырт­қы істер, Мәде­ниет және ақпарат, Білім және ғы­лым, Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министр­лік­терінің өкілдері мен еліміздің Бас прокуратурасы және Жоғарғы Сот қызметкер­ле­рінен тұратын делегация қатысып қайтыпты. Журналистерге арналған бас­па­сөз мәслихатында осы деле­гация­ның жетекшісі, Мәдениет және ақ­па­рат вице-министрі Ғазиз Теле­баев Женевада өткен БҰҰ-ның Кем­­сітушілікке қарсы коми­тетінде ұйымдастырылған жиын­да­ғы есеп-баяндаманың қорғалу ба­рысы, сон­дай-ақ мемлекеттік ор­гандардың кон­венциядағы ереже­лерді жүзеге асыру бағытында ат­қарып жатқан жұмыстары жөнінде кеңінен мәлімет берді. БҰҰ Нәсілдік кемсітушіліктің бар­лық нысандарын жою туралы комитет сарапшылары еліміздің этнос­аралық қатынастар саласын­да­ғы мемлекеттік саясатына, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесі мен оның барлық эт­нос­тық топтардың құқықтарын қам­та­масыз етудегі рөліне, елде тұратын барлық азаматтардың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын қамта­масыз етуге бағытталған іс-шараларға жоғары баға берген. “Бізге берілген ең басты баға – этносаралық қатынастарды реттеп, жақсы жолға қоюда немесе адам­дар­ды нәсіліне, ұлтына қарамай қор­ғауда еліміздің дұрыс саясат ұстанып отырғандығы”, деді Ғ. Телебаев. Вице-министр сон­дай-ақ ко­митет мүшелерімен кездесу ке­зінде “Неге көптеген елдерде нәсіл­дік кемсітушілікке қатысты жеке заң жоқ?” деген сауалдың туын­да­ға­­нын атап өтті. “Бізде Консти­ту­циядан бастап түрлі заңдарда нә­сілдік кемсіту­шілікке қатаң тыйым салынған. Мұндай жағдай орын алған күнде де тиісті жауапкер­ші­лікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік­ке тарту көзде­летін­дігі белгілі. Міне, осылардың барлығы жан-жақты түсіндірілді”, деді вице-министр. Дерек көзі: Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.