• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

Асқар Мамин Премьер-Министр Кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

753 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жаңа басшысы — Ғалымжан Қойшыбаевты таныстырды.

«Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев Премьер-Министр Кеңсесінің басшы болып тағайындалды», — деп хабарлады Премьер-Министр.

А. Мамин Ғ. Қойшыбаевтың Президент Әкімшілігінде және Сыртқы істер министрлігі жүйесінде — елші, министрдің орынбасары болып көп жылдар бойы еңбек атқарғанын атап өтіп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы лауазымын атқарған Д. Кәлетаев Президенттің Жарлығымен ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ғ. Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған. 1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы. 2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.