• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2019

Бұл жаңа жұмыс форматы — А. Мамин Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы Келісім туралы

570 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі арасындағы 2019 жылға макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы Келісім жобасы мақұлданды.

Ұлттық Банктің Төрағасы Е. Досаевтың және ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтың баяндамаларын тыңдаған соң, Премьер-Министр А. Мамин алғаш рет Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы өзара іс-қимыл келісім түрінде рәсімделгенін атап өтті. Бұл бірлескен жаңа жұмыс форматы.

Біріншіден, экономикалық өсімді қолдау бойынша өзара іс-қимыл айқындалады.

Екіншіден, 10 нақты міндет айқындалды.

Үшіншіден, жалпы фискалдық, валюталық, ақша-кредит және макроэкономикалық саясаттың болжамды болуы жағынан нарыққа нақты белгі беріледі.

«Келісімнің іске асуының арқасында экономиканың сапалы өсуі және халықтың тұрмыс сапасының артуы қамтамасыз етіледі», — деп атап өтті Премьер-Министр.