Сәрсенбі, 31 қазан 2012 7:55
Нью-Йорктің ішінара су басқан Квинс ауданында «Сэнди» дауылыныңсалдарынан күшті өрт болды. Кем дегенде 50 ғимарат өртенсе, көпшілігі толықтай жанып кетті. Өңірде мыңдаған авиарейстер тоқтатылып, Нью-Йоркте метро жабылып қалды. 7 миллиондай адам жарықсыз отыр. Қаза тапқандар саны, соңғы дерек бойынша, 15 адамға жақындады. Табиғат апатының жалпы шығыны қазірдің өзінде 20 миллиард долларға бағалануда.
Сәрсенбі, 31 қазан 2012 7:55
Нью-Йорктің ішінара су басқан Квинс ауданында «Сэнди» дауылыныңсалдарынан күшті өрт болды. Кем дегенде 50 ғимарат өртенсе, көпшілігі толықтай жанып кетті. Өңірде мыңдаған авиарейстер тоқтатылып, Нью-Йоркте метро жабылып қалды. 7 миллиондай адам жарықсыз отыр. Қаза тапқандар саны, соңғы дерек бойынша, 15 адамға жақындады. Табиғат апатының жалпы шығыны қазірдің өзінде 20 миллиард долларға бағалануда.
Канаданың батыс жағалауында магнитудасы 6,3 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Британия Колумбиясы провинциясында тіркелген. Канада билігі әзірше зілзала салдары туралы ешқандай ақпарат таратқан жоқ. Ал жақын уақытта Канаданың шығыс жағалауына «Сэнди» дауылы жетеді деп күтілуде.
Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы Ресейдің Сирияның іс басындағы үкіметімен үнқатысуға келу туралы ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартты. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың пікірінше, мұндай үнқатысусыз Сирия жанжалын бейбіт реттеу бағытындағы прогреске қол жеткізу іс жүзінде мүмкін емес.
Сирия бүлікшілері мен үкіметтік әскерлер арасында Хомс қаласы маңындағы әскери базада кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Қоршаудағы үкімет әскерлеріне көмекке авиация тартылды. Бірақ Хомсты қоршап тұрғандар кері шегінер емес. Хомс төңірегімен қатар, ұрыс қимылдары Алеппо-Дамаск тасжолы бойында тұрған әл-Нуман қаласында да жалғасқан. Үкімет әскерлері бүлікшілерді аталған елді мекеннен бір айдан бері ығыстырып шығара алмауда.
Бахрейн басшылығы кеше елдегі қауіпсіздік ахуалы жақсарғанша және ұлттық бірлік қалпына келтірілгенше кез келген көпшілік жиналыстар мен митингілер өткізуге тыйым салды. Ел ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес, аталған ахуал қалыптасқанша іс жүзінде төтенше жағдай режімін білдіретін қатал заңдар енгізілетін болады.
Кешегі мәліметке қарағанда, Украина ОСК-сі Жоғарғы радаға сайлау бюллетеньдерінің 90 пайызын қарап үлгерген. Ондағы дерек бойынша, алда бұрынғысынша билеуші Аймақтар партиясы келеді екен. Оның жинаған дауысы 31,51 пайыз. Бірлескен оппозиция 24,5 пайыз дауыс жинапты. Үшінші орындағы компартияның көрсеткіші – 13,77 пайыз. Одан сәл ғана қалыс боксшы Виталий Кличконың УДАР партиясы тұр – 13,52 пайыз.
Грузияның жаңа бас прокуроры Арчил Кбилашвили ел соттары екі аптаға істерді қарауды тоқтататынын мәлімдеді. Жаңа басшы бұл әрекетті прокуратурадағы кадрлар ауысуымен, сондай-ақ ағымдағы істерді қайта қарау қажеттігімен түсіндірді. Оның пікірінше, бұрынғы режімде істі болған кейбір адамдар ақталып шығуы ықтимал. Ал бұл үндеуге судьялардың қалай қарайтыны әзірше беймәлім.
Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.