Қарағанды және Ақмола облыстарының түйіскен тұсында 100-ден астам ақбөкеннің өлі денесі табылды. Қаскөйлер киіктерді мылтықпен атып, мүйіздерін қоларамен кесіп алып кеткен екен.
Қазіргі таңда бұл қылмысқа қатысы бар күдіктілер тегіс қолға түсті. Олардың арасында «Охотзоопром» мекемесінің инспекторы да болған деген ақпарат бар.
Браконьерерді ұстап, тінту жұмыстарын жүргізгенде, полиция қызметкерлері олардың тұрғылықты жерлерінен бірнеше мылтық пен киіктің мүйіздерін тапты.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы