• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

“НҰР ОТАН” ӘР ОТБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

667 рет
көрсетілді

8 наурыз күні “Нұр Отан” пар­тиясы айрықша акция ұйымдас­тыр­ды. Ұйым мүшелері халықара­лық әйелдер күні дүниеге сәби әкелген жас аналарды құттықтап, құрмет көрсетті. Қазақстанның түп­кір-түпкіріндегі жүздеген сәби өз өмірлеріндегі алғашқы сый­лықты Президент көшбасшысы болып табылатын партия атынан алды. Нұротандықтар әр қаланың, әр өңірдің перзентханаларын аралап, аналар мен нәрестелерге арнайы сыйлықтар табыс етті. Жас аналарды құттықтай отырып, нұротандықтар аналарды қорғау мен отбасы мәртебесін ны­ғайту партияның басым бағыт­тарының бірі екенін атап өтті. Қазіргі таңда Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың әрбір анаға, әрбір балаға жасап жатқан қамқорлығы Қа­зақстанның болашағы үшін жа­салып жатқан жұмыс. Денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан істердің арқасында соңғы жылдары елімізде ана өлімі екі есе азайып, туу көрсеткіші 1,5 есеге артты. Нұротандықтардың айтуы бой­ынша, елдегі демографиялық ахуал­ды жақсарту жалпы алғанда экономикалық дамумен, қазақ­стан­дық қоғамның әл-ауқатының өсуімен тығыз байланысты. Сон­дықтан да 8 наурызда республика көлемінде өткізілген акция терең мағынаға ие. Өйткені, бүгінгі сәбилер ертеңгі ел ісінің тізгінін ұстаушылар екені сөзсіз. Дәл осы күні еліміз көлемінде 1236 сәби жарық дүние есігін ашты. Дерек көзі: “Егемен-ақпарат”.