Бейсенбі, 13 желтоқсан 2012 7:26
Қашқын Әбіләзовтің өз елінен ұрлаған телегей теңіз қаржыны сол өз елінің ішіне бүлік салу үшін жұмсағаны қазір нақты белгілі болып отыр. Мұны сот та дәлелдеді. Сонау 2005 жылы БТА Банктен қылмыстық жолмен иеленіп кеткен 7 миллиард долларды Әбіләзов өзі құрып басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесіне, яғни өзі аңсаған қылмыстық іс-әрекеттерді жоспарлы түрде жүзеге асыру мақсатына Козловтар арқылы жұмсаған.
Бейсенбі, 13 желтоқсан 2012 7:26
Қашқын Әбіләзовтің өз елінен ұрлаған телегей теңіз қаржыны сол өз елінің ішіне бүлік салу үшін жұмсағаны қазір нақты белгілі болып отыр. Мұны сот та дәлелдеді. Сонау 2005 жылы БТА Банктен қылмыстық жолмен иеленіп кеткен 7 миллиард долларды Әбіләзов өзі құрып басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесіне, яғни өзі аңсаған қылмыстық іс-әрекеттерді жоспарлы түрде жүзеге асыру мақсатына Козловтар арқылы жұмсаған.
Осы ақшалардың салдарынан ба, Козловта да көп дүние болғанға ұқсайды. Республиканың барлық облыс орталықтарындағы «Алға» партиясының кеңсесі ретінде пайдаланып отырған пәтерлер өзінің жеке меншігінде екендігін Козлов жасырмаған. Оның үйіне тінту жүргізу кезінде алынған флэш-картадағы «В.Козловтың қосымша куәгерлік мәлімдемесі» атты анықталған электронды құжатында Әбіләзов 2002 жылдан ДВК (ҚДТ) деп құрылған ұйымның, кейін «Алға» тіркелмеген халық партиясының жұмысын кем дегенде 70 пайызға, ал 2009 жылы 97 пайызға дейін қаржыландырғанын көрсеткен. Сондай-ақ, онда Әбіләзовтің партияның негізгі демеушісі және саяси қозғалысының идеологиясы мен стратегиясын қалыптастыратын тұрақты басшысы екенін атаған.Аталған «Алға» партиясын Әбіләзов қаржыландырып отырғанын тағы бір куә Лұқманов та растайды. Оның айтуынша, Варшава, Брюссель қалаларына конференцияға барған сапарында «Алға» партиясына қаражатты Әбіләзов бергені туралы әңгімені Козловтың өз аузынан естіген көрінеді. Сол сияқты Оңғарбаева деген куә «Халық майданы» қозғалысының кеңсесі ашылғаннан кейін Жаңаөзен қаласындағы ереуілшілдер тұрған алаңға қылмыстық топтың жетекшілері «Республика», «Правда Казахстана» газеттерін және үнпарақтарын таратқанын айтады. Жаңаөзенге Козлов және басқалар келіп ереуілдеуші мұнайшыларды қолдап, көмек беретіндерін жеткізген. Тіпті оларды «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығып, «Халық майданына» кіруге шақырған көрінеді. Кейбіреулер бұған сенген. Себебі, оларда мына Козлов бастаған адамдар қатары көмектеседі деген сенім қалыптасып, наразылық акциясын одан әрі жалғастыра түскен. Сөйтіп, ақыр аяғында еш кінәсіз мұнайшылар осы адамдардың ықпалымен өздерінің саясатқа қалай араласқандарын байқамай қалып, оның үстіне «Республика» газеті мен «К+» телеарнасындағы билікті жағымсыз жағынан көрсеткен біржақты хабарларды оқып көріп, наразылықтарын күшейткен.Ал мұндай сұмдықты ұйымдастыруды Әбіләзов пен Козлов қолға алғаны белгілі. Бірақ қазірше сот органдарынан қашып жүрген халықаралық қылмыскер Әбіләзовтің ерте ме, кеш пе заң алдында жауап беретіні анық. Оның жасаған қылмыстары жетіп-артылады. Сол үшін де ол ұзақ мерзімге сотталуы тиіс. Қазіргі кезде Әбіләзовқа қарсы БТА Банк салымшылары ғана емес, Ресей және басқа да елдердің алданған тұрғындары нақты талаптар қоюда. Еске сала кетейік, Әбіләзов британдық сотты сыйламағаны және өзінің миллиардтаған активтерін жасырғаны үшін ағылшын түрмесінде 22 ай отыруы қажет еді.Англияның Жоғары соты осындай шешімді биылғы жылдың басында шығарған болатын. Ал көпшілігімізге белгілі, жақында осы сот қылмыскер Әбіләзовтан қазақстандық БТА банктің мүддесіне 2 миллиард доллар өндіру туралы қаулы шығарды. Алаяқтан осыншама көлемдегі ақша өндіру жөніндегі қаулы БТА банктің екі азаматтық талап-арызы бойынша шығарылған. Бүгінде банк Әбіләзовтің заңсыз түрде 6 миллиард доллар сомасындағы қаржыны иемденгенін дәлелдеп отыр. Сарапшылардың пікірі бойынша, банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы қылмыстық жолмен Қазақстаннан БТА банк және оффшорлар арқылы 10 миллиард долларға жуық қаржыны жылыстатқан. Соның бәрі қазір қайда?2010 жылғы желтоқсанның басында Англияның апелляциялық соты Жоғары соттың Әбіләзовтің сыртқы басқару активтерінің жалпы көлемі 5 миллиард доллар екендігін шешім бойынша анықтады. Бірақ ол 2009 жылғы берілген активтерді тоқтату туралы шешімді орындамады. Қазақстандықтар сияқты шетелдіктер де алаяқ Әбіләзовтің тұтқынға алынуын асыға күтіп отыр. Өйткені, иненің көзінен өтетін жылпос бірнеше елде де өз қылмыстық ізін қалдырған. Ресейлік РБК Daily газетінің мәліметінше, қылмыскер Әбіләзов Қазақстаннан ғана емес, Ресейден де аса үлкен көлемде қаржы ұрлаған. Бұл қаржылар оның БТА және АМТ банктері салымшыларының сеніп салған қаражаттары болатын. Оларды Әбіләзов елде бүлік шығарсын деп Козловқа жеткізіп отырған.Кейін Козлов Әбіләзов құрған Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы атанып, жоғарыдағы бүлік шығару іс-әрекеттері міндетіне кіріскен соң 2010 жылдың наурызында елдің конституциялық құрылысының әлеуметтік-саяси негіздеріне нұқсан келтіру мақсатында, яғни осы бұзық ойлы іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына келген. Келген соң мұндағы қалыптасқан ахуалды біліп алып, наразылық акциясына қатысушыларды өзіне тарта бастайды. Алдында айтылған қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін олардың алдында сөз сөйлеп, заңгерлер, экономистер және сарапшылар көмегімен қамтамасыз етемін деп сендіріп, өзінің де билікке қарсы екендігін айтып, мұндағылардың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарына қатысты ойын БАҚ-та жариялауға уәде береді.Осылайша алғашқы арандатушылық қадамын жасаған Козлов енді әлеуметтік араздықты және алауыздықты одан әрі қоздыру мақсатында «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалына қарсы әрекетін бастайды. Онда ол осы өндірістік филиалына қарсы наразылық акциясына қатысушыларды жұмыс берушіге және мемлекеттік билік органдарына қарсы қоя отырып, көпшіліктің алдында, оларды қалған мұнайшылардың да қолдап көтерілуі мүмкіндігін, сондықтан бұдан қорқатын билік мұнайшыларды басып-жаншып тастауға әрекет жасап отырғандығын ашық айтады. Козловтың мұндай әрекеттерінен оның ұйымдасқан қылмыстық топты құрған Әбіләзовқа бағынышты экстремистік бағыттағы және радикалдандырылған медиа-жобаларымен тығыз идеялық және қаржылық өзара қарым-қатынасының бар екендігі расталады. Мұны өзі де негіздей түскендей заңгерлер, экономистер, сарапшылар көмегін беру және материалдық қолдау көрсету туралы ашық түрде уәде етеді.Ал бұдан кейін Козлов ел заңын аяққа таптап, Жаңаөзен қаласындағы сенімді деген адамдарына тапсырмаларын орындатуға көшкен. Солар арқылы тіркелмеген «Алға» халық партиясының және «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының Жаңаөзен қаласындағы кеңсесінің жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған, мазмұндарында әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруға және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға шақырудың белгілері бар радикалдандырылған «Республика», «Взгляд» газеттері мен үнпарақтарды және басқа да басылымдарды тарату үшін жеткізеді. Бұған қоса алаңда тұрған ереуілшілерге қажетті бұйымдарды, заттарды, оның ішінде ұйықтайтын қаптар, палаткалар, жауын-шашыннан қорғайтын сырт киімдерді үлестіреді.Бірақ олардың арам ойлары жүзеге аспады. Жазықсыз жапа шеккен жандардың күнәсі осы қылмыстық топ жетекшілері мен олардың шабармандарының мойнында жатыр. Ал бұл ақтала ма, жоқ па, оны тек бір ғана Жаратушы біледі.