• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Қ.Тоқаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

363 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Мемлекет басшысы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – делінген көңіл айту мәтінінде.