Жұма, 7 желтоқсан 2012 6:59
Сонау 2005 жылы М.Әбіләзовке «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы кезінде аталған банктен 7 миллион АҚШ долларын ұрлағаны үшін айып тағылды. Содан ол тергеу орындарынан қашып, шет елге жасырынды. Алайда, текке кетпей экстремистік ұйымдасқан қылмыстық топ құрып үлгерді. Оны қаржылай қамтамасыз етіп, қылмыстық рөлдерді өзі таңдаған мүшелеріне бөліп берді. Осы топтың Қазақстандағы басшылығына 2010 жылы В.Козлов тағайындалды. Өз кезегінде ол бұл қылмыстық топқа бірнеше адамды тартты.
Жұма, 7 желтоқсан 2012 6:59
Сонау 2005 жылы М.Әбіләзовке «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы кезінде аталған банктен 7 миллион АҚШ долларын ұрлағаны үшін айып тағылды. Содан ол тергеу орындарынан қашып, шет елге жасырынды. Алайда, текке кетпей экстремистік ұйымдасқан қылмыстық топ құрып үлгерді. Оны қаржылай қамтамасыз етіп, қылмыстық рөлдерді өзі таңдаған мүшелеріне бөліп берді. Осы топтың Қазақстандағы басшылығына 2010 жылы В.Козлов тағайындалды. Өз кезегінде ол бұл қылмыстық топқа бірнеше адамды тартты.
Әрине, В.Козлов аталған қылмыстық топтың басшысы болған соң оған атына заты сай міндеттер жүктеледі. Соның ішінде көпшілік алдында әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыру, өкіметті түрлі жолмен басып алуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге жария түрде шығу тапсырылады. Сонымен қатар, осы экстремистік қылмыстық топты құрған Әбіләзов болғандықтан, оның тарапынан берілетін тапсырмаларды екі етпей орындау және одан келетін қаржыларды игеру кезінде ұйымдасқан қылмысты топ басшыларының бірі М.Кетебаевқа есеп беріп отыру кіреді. Тіпті, одан басқа «Алға» партиясының басшысы ретінде партиялық қызметті бүркеніп, «әлсіз буынды» іздеу барысында қала негізін құрушы кәсіпорындар орналасқан өлкелерге жеке өзі бару, жағдайды талдау, кәсіпорын жұмысшылары арасында жаппай наразылық тудыру және оларды басқаруға мүмкіншілік алу үшін материалдық және заң көмегін беру туралы ұсыныстар жасау, сондай-ақ, өзі басқаратын «Алға» халықтық партиясы арқылы «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының деструктивтік қызметін басқару жатты. Осылайша ол бұлардың Жаңаөзен қаласындағы кеңсесін пайдаланып, А.Амировамен бірге ел билігін жағымсыз сипаттап, заңсыз наразылық акциясына қатысушыларды билікке қарсы айдап салатын, яғни биліктің жағымсыз кейпін қалыптастыратын мазмұндағы, экстремистік бағыттағы Әбіләзовпен радикалдандырылған «К+ телекомпаниясы» ЖШҚ және «Стан ТВ» интернет-бейнепорталын, оған қоса «Республика» мен «Взгляд», «Голос Республики», «Правда Казахстана» газеттері мен үнпарақтарды және басқа да басылымдарды тарату міндеттелді.
Бұл орайда В.Козловқа қала негізін құрушы кәсіпорындар жұмысшылары қатарынан алдауға, арбауға және басқаруға көнетін адамдарды мақсатты түрде іздеу, табу, іріктеу бұйырды. Сөйтіп, бұл адамдардан экстремистік ұйымдасқан қылмыстық топ пен дайындалған белсенді арандатушыларды қалыптастыру, оларға еңбек дауларын саяси мақсатқа ауыстыруға, ұрыс-керіс тудыру мен ашық араздыққа, қақтығыстарға, күш көрсетуге, ойран салу мен мүлікті жоюға соқтыратын жағдайларды қалай жасау керектігін үйрету және осы атқарылатын іс-әрекеттердің бәрін қаржылай қамтамасыз ету тікелей міндетіне кірді.
Сөйтіп, Әбіләзов құрған Қазақстандағы ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы атанып, жоғарыдағы бүлік шығару іс-әрекеттері міндетіне кірген соң бір желпініп алған В. Козлов 2010 жылдың наурызында елдің конституциялық құрылысының әлеуметтік-саяси негіздеріне нұқсан келтіру мақсатында, яғни осы бұзық ойлы іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына келген. Келген соң мұндағы қалыптасқан ахуалды біліп алып, наразылық акциясына қатысушыларды өзіне тарта бастайды. Алдында айтылған қылмыстық пиғылын жүзеге асыру үшін олардың алдында сөз сөйлеп, заңгерлер, экономистер және сарапшылар көмегімен қамтамасыз етемін деп сендіріп, өзінің де билікке қарсы екендігін айтып, мұндағылардың әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтарына қатысты ойын БАҚ-та жариялауға уәде береді.
Осылайша алғашқы арандатушылық қадамын жасаған В. Козлов енді әлеуметтік араздықты және алауыздықты одан әрі қоздыру мақсатында «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалына қарсы әрекетін бастайды. Онда ол осы өндірістік филиалына қарсы наразылық акциясына қатысушыларды жұмыс берушіге және мемлекеттік билік органдарына қарсы қоя отырып, көпшіліктің алдында, оларды қалған мұнайшылардың да қолдап көтерілуі мүмкіндігін, сондықтан бұдан қорқатын билік мұнайшыларды басып-жаншып тастауға әрекет жасап отырғандығын ашық айтады. В.Козловтың мұндай әрекеттерінен оның ұйымдасқан қылмыстық топты құрған Әбіләзовқа бағынышты экстремистік бағыттағы және радикалдандырылған медиа-жобаларымен тығыз идеялық және қаржылық өзара қарым-қатынасының бар екендігі расталады. Мұны өзі де негіздей түскендей заңгерлер, экономистер, сарапшылар көмегін беру және материалдық қолдау көрсету туралы ашық түрде уәде етеді.
Осылайша В.Козлов ел заңын аяққа таптап, Жаңаөзен қаласындағы сенімді деген адамдарына тапсырмаларын орындатуға көшкен. Солар арқылы тіркелмеген «Алға» халық партиясының және «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының Жаңаөзен қаласындағы кеңсесінің жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жоғарыда аталған, мазмұндарында әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруға және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, конституциялық құрылысты күштеп құлатуға шақырудың белгілері бар радикалдандырылған «Республика», «Взгляд» газеттері мен үнпарақтарды және басқа да басылымдарды тарату үшін жеткізеді. Бұған қоса алаңда тұрған ереуілшілерге қажетті бұйымдарды, заттарды, оның ішінде ұйықтайтын қаптар, палаткалар, жауын-шашыннан қорғайтын сырт киімдерді үлестіреді.
Бұдан әрі әбден еркінсіген В.Козлов қылмыстық іс-әрекеттерін жандандыра түсу мақсатында Қазақстаннан қашып, шетелде тығылып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы Әбіләзовтің қатысуымен және тіркелмеген «Алға» халық партиясы аумақтық бөлімшелерінің жетекшілерін қатыстыра отырып, скайп-конференция өткізеді. Міне, осы кезде ол Әбіләзовтен нақты тапсырма алады. Әбіләзов оған биліктің ең осал тұсын тауып, яғни мұнайшыларды, шахтерлерді, несие алушыларды бір жерге топтастыру қажеттігін айтады. Сөйтіп, бұлар арқылы үлкен күш пайда болады. Содан кейін, яғни 2011 жылдың соңына таман әлеуметтік араздықты және алауыздықты қоздыра беру арқылы мемлекеттік қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, өкіметті қалай да басып алу қажет, дейді.
Мұндай құпия тапсырма алған В.Козлов қанаттанып, өзінің жарылқаушысын бұл міндеттерді екі етпей орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға және күш біріктіріп өкіметті құлатуға дайын екендіктеріне сендірген. Сөйтіп, ол өзіне жүктелген міндеттерді орындауға белсене кіріседі. Жоғарыда айтқанымыздай, өзі жетекшілік жасайтын партияның және «Халық майданы» қоғамдық қозғалысының, сонымен қатар онымен радикалдандырылған бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланады. Қала негізін құрушы кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер мен басқа да санаттағы жұмысшыларға үгіттеу шарасын жүргізу үшін үнпарақтар таратқызады. Ол осы ісімен-ақ, яғни елдегі жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында конституцияға қайшы іс-әрекеттерді жасайды. Бұған нақты дәлел, сол кездері ол, яғни 2010-2011 жылдары М.Әбіләзовтің сөйлеген сөздерін, үндеулерін және мәлімдемелерін «К+» телеарнасы арқылы беріп тұрған және аталған газеттерді таратумен айналысқан.
Мәселен, ол 2011 жылы ұйымдасқан қылмыстық топтың басшыларына бағынышты аталған «К+» телеарнасы, «Стан ТВ» интернет-порталы, «Республика», «Взгляд» газеттері арқылы әлеуметтік алауыздықты қоздыруға және өкіметті күштеп басып алуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, мемлекеттің конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған мазмұндағы көптеген материалдарды таратқан. Тіпті, ол 2011 жылы «Голос Республики» газетіне сұхбат беріп, онда өзінің мұнайшылармен бірге тығыз байланыста екендігін және жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерінің бәрі өз қолымен жасалынып жатқандығын растап, жария түрде мәлімдеме жасайды. Ақыры В.Козлов жоғарыда айтылғандай, мемлекетке қарсы көптеген қылмыстық әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Оның айыбы нақты дәлелденді.
Алайда В.Козлов үстіміздегі жылғы Маңғыстау облысының Ақтау қалалық сотында өзіне тағылған айыптарды мойындағысы келмеді. Бірақ, ол өз қолымен жасаған, ұйымдастырған қылмыстарды мойындамағанмен, оның тарапынан қылмыстық әрекеттердің жасалғандығы басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген айғақтық дәлелдермен, жинақталған іс материалдарымен, куәлердің жауаптарымен толық дәлелденген. Сондықтан да оның көптеген қылмыстарын саралай келген сот Қазақстан Республикасы Конституциясының қажетті баптарына сүйене отырып В.Козловты бірнеше жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.